COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102666

Выздоровевших

107723

Зарегистрированных случаев

3481

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Балалар – біздің бақытымыз

№61 бөбекжай-балабақшаның игі істері жөнінде


Баланың күміс күлкісіне жетер мына дүниеде не бар дейсіз. Өйткені, оларсыз тіршіліктің ешқандай мәні жоқ. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп те босқа айтылмаса керек.

Жалпы, перзенттің адам өмірінде алар орны жөнінде айтылған ұлағатты сөздер де жеткілікті. Әсіресе, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының да артында өсиет болып қалған пікірлері де аз емес.

Біздің облыс орталығында балдырғандарға тәрбие беріп жатқан мекемелер қаншама. Жақында біз шаһарымыздағы №61 бөбекжай-балабақшада арнайы болып, оның тыныс-тіршілігімен таныстық.
Сонадайдан көзге бірден көрінетін ғимараттың сыртқы келбетінен мұндағы тиянақтылық, ұқыптылық айқын сезіліп тұрғандай.

Өзімізді осы тәрбие орнын көп жылдардан бері іскерлікпен басқарып келе жатқан қазақ қызы өз саласының білікті маманы Зәуре Күндеқызыққызы Берсүгірова жылы жүзбен қарсы алды.

Мұндай білікті жандармен тілдесудің өзі бір ғанибет екен. Ол қойған сауалдарымызға мүдірмей жауап беріп, өздерінде атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Мысалы, қазіргі таңда аталмыш мекемедегі жарқын істер кімге болсын өнеге боларлықтай. Өйткені, ондағылар өз саласын жан-жақты меңгерген әрі бала жанын терең түсінетін кәсіптерін шебер игерген кісілер.
Оқырмандардың назарына бір сала кетер жай, әңгімемізге арқау болып отырған бөбекжай- балабақша 1987 жылдан бері жұмыс істейді.

Қазір бөбекжай-балабақшада 300 бала тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ балалардың жасына қарай 13 топқа бөлінген. Мәселен, «Балапан» тобында 2 жасар бүлдіршіндер тәрбиеленсе, ал «Қызғалдақ» тобы ересек балалардан құралған.

Бұл тәрбие орнында 77 қызметкер бар екен. Олардың 39-ы педагог мамандар. 3-уі аспазшылар. Бөбекжайда балалар төрт мезгіл тамақтанады.

Оған бүлдіршіндердің мұнда келгенде тамақтанатын таңғы, түскі астары. Сонымен қатар түстен кейін берілетін жеңіл тағамдар және кешкі ыстық тамақты қосыңыз.

Әрине, балдырғандардың ас мәзірлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Онда күнделікті сүт тағамдары – ірімшік, көкөністер мен жеміс-жидектер енгізілген.

Балабақшаның асханасында да болдық. Онда санитарлық тазалық жайы да мамандардың жіті қадағалауына алынған. Қаламыздың қақ ортасында орналасқан балабақшада балдырғандардың 1 күнгі тамағының бағасы да кез-келген ата-ана үшін өте ыңғайлы.

Атап айтатын болсақ, 2 жастағылар үшін бір күндік тамағының бағасы – 508,18 теңгені, 3-6 жас аралығындағы балалар үшін – 614,22 теңгені құрайды.

Бұл дегеніміз 2 жасар баланың балабақшадағы тамағының құны 1 айда – 11 180 теңге, 3-6 жас аралығындағы балдырғандардың ішітен тамағы – 13 513 теңге болады деген сөз.

Демек, оны кез-келген ұл мен қыздардың әке-шешелерінің қалталары көтереді. Сондықтан да болар, олар балабақша қызметкерлеріне дән риза.

Мекемеде тәрбие мемлекеттік тілде берілетіндіктен бүлдіршіндерді ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр негізінде баулуға көп көңіл бөлінеді.

Мұндағы қызметкерлер өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайды. Олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға айрықша назар аударылады.

Күнделікті жұмыс барысында ұлттық ойындарымыз үйретіліп, әдет-ғұрпымызды бойларына сіңіруге ерекше ден қойылатындығын да мұнда болған кезімізде айқын сезіндік.

Мысалы, мекемеде «Хан тәңірі» деп аталатын ұлттық ойынымыз үнемі басшылыққа алынады. Әсіресе, ұл балалардың қызығушылығын оятып отырған ата-бабамыздан келе жатқан асық ойынының маңызы зор.
Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Сондықтан да осы бағытта атқарылып жатқан тәлімдік-тәрбиелік істер де көпке үлгі боларлықтай. Әрбір тәрбиеленушінің бойына Отанына деген сүйіспеншілікті, ана тілі мен мәдениетіне деген қызығушылықты, үлкен мен кішіні сыйлауды сіңіру осындағы әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті болып табылады.
Сондай ақ әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, онда балалардың балабақшаға деген ынтызарлығы, ата-аналардың пікірлеріне көп көңіл бөлінетіндігін де байқадық.

Осы басқосуларда айтылған құнды ой-­тұжырымдар мен ұсыныстар жұмыс барысында ескеріледі. Сол себептен көп болып ақылдасқанның өмірде берері мол екендігін мұндағы барша қызметкерлер де жете түсінеді.

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан аптаның әр сәрсенбісінде орта және ересек топтарда тәрбиеленіп жатқан балғындар таңертең мемлекеттік ән ұранымызды ерекше шабытпен орындап, өздерінің де рухы асқақтай түседі.

Кішкентайынан эстетикаға яғни сұлулыққа жаны құштар балдырғандардың өсе келе әсемдікке, көркемдікке ынтызар болып қалыптасатыны даусыз.

Өз мәдениеті мен өнерін ардақ тұтқан баланың келешегі де жарқын. Біздің қазақ «Жігітке жеті өнер де аз» деседі. Түсінген адамға онда үлкен мән жатыр.

Қыз балалардың да табиғаттарына сай қызығатын жайлары баршылық. Сондықтан тәрбиешілер мұны да жұмыс барысында ескереді.

Мысалы, олар тоқыма және басқа да өнерге бейім болып келетіндігі ешкімге де жасырын емес. Жалпы, №61 бөбекжай-балабақшадағы атқарылып жатқан жұмыстар өте ауқымды.

Сондықтан да болар, барша ата-аналар мекеме басшысы Зәуре Күндеқызыққызы мен тәрбиешілерге шынайы алғыстарын білдіріп жатады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77