Социум

Балаларды қорғау күні: Жас өскіннің шат күлкісі бітпесін

Тәрбиеленушілерге киім мен ойыншықтарды сыйға тартты

Қостанай облысы бойынша Департаменті бастығы полковник Арман Жұмахметовтің бастамасымен облысымызда карантиндік шараларының сейілуіне байланысты, қайрымдылық үрдісі жалғасын тауып отыр.

Бөтен бала болмайды қағидасын қатты ұстанатын Қостанай департаментінің жеке құрамы тағдыр талқысына ерте түскен балаларды жан жылуымен қуанту үшін оларға көмек қолын созды. Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барған шекара сақшылары тәрбиеленуші балаларға бір күндерін арнады. Оларға бірнеше киім үтігін, азық-түлікпен, түрлі ойыншықтарды да сыйға тартты. Жастайынан өмірдің қиындығына тап болып, балалар үйін мекендеген сәбилердің жанарларынан ризашылық сезімдері байқалып тұрды.

– Біздің тәрбиеленушілеріміздің өміріндегі шекара сақшыларының орны ерекше деп айта аламын. Жыл он екі ай біздің балаларымызды еш ұмытпайды. Іздерін суытпастан алтын уақыттарын бөліп келіп тұрады. Олардың балалар үйіне келген әр кездесуі біздің ұжым үшін үлкен қуаныш, мереке. Себебі, аялы алақанға зәру біздің балапандарымыз үшін үлкен кісінің мейірімді жүзін көргеннің өзі үлкен сыйлық. Келешекте бүлдіршіндеріміздің қатарынан да шекарашы шығып жатса қауанамыз, – деп сөзін сабақтады ұжымның басшысы Жанар Әлібекова.

Бір топ шекарашыларды бастап келген подполковник Дарын Кекілов, қазақ халқы ешқашан жетімін жылатпаған ел екенін айтады.

– Қолымызға артық қаражат тисе болғаны, осы ұжымға келіп, керек-жарақтарын алып бергіміз келіп тұрады. Жасаған сыйлығымызбен қажеттінің барлығын жалғап бере алмасақ та, әр баланың басынан сипап, көңіл-күйлерін көтеріп тастағымыз келеді. Аталмыш балалар үйіне осымен бірнеше рет келіп тұрмын. Қашан келсем де қолдан келгенше әр кішкентай балапанның жеке-жеке талабын орындауға тырысып, жүгіріп жүрген тәрбиешіні көремін. Әрине, әр өскелең ұрпағымызды өз отбасына тәрбиелегенге не жетсін? Дегенмен өмірдің аты өмір ғой. Әр адамның талайына жазылған өз тағдыры бар. Сондықтан өмір қиындығына тап болған әр балдырғанымыздың жақсы адам болып қалыптасып кетуімізге қоғам болып өз үлестерімізді қосуымыз керек, – деді ол.

Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Жанар Әлібекова ұжым атынан шекарашыларға алғысын білдірді.

Манарбек Қарекенов,
майор,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77