Новости Социум

Баршамыз асыға күткен, былтыр ғана қимастықпен шығарып салған Рамазан айының оралуына да аз қалды

Осы Оразаның былтырғы оразадан айырмашылығы, былтыр 29 күн ораза болып есептелсе, биыл тура 30 күнге теңестірілген

Биылғы Ораза мамыр айының алтыншы жұлдызында басталады. Яғни бесінші мамырдың алтысына қараған түні тарауық намазы оқылады.

Тарауық намазының уақыты құптан намазы екі рәкат сүннетімен оқылған соң кіреді. Содан таң намазының уақыты кіргенше жалғасады. Тарауық намазының қазасы өтелмейді. Тарауық намазы – жиырма рәкат.

Қостанай аумағы Солтүстік Қазақстанда орналасқан болғандықтан еліміз бойынша ауыз бекіту уақыты ұзақ біздің өңір болып табылады, дегенмен де сауабы да өте мол. Өңіріміде ораза тұту уақыты 17 сағат, 45 минуттанбасталып, 18 сағат,47 минут аралығына дейін жалғасады.

Ендігісінде осы ораза адам баласы дүниеге келген күннен бастап, әр  саналы пендеге тұту парыз болып саналады.

Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, оның ішінде шарапаты мол, берекелі әрі ұлы түн – Қадір түні болып есептелінбек.Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бекітіп берген күтізбеге сүйене отырып, ел бойынша мамыр айының 31-нен 1-ші маусымға қараған түні Қадір түнін күтетін болады. Сондай-ақ маусымның төртінде Оразаның ақырғы күні, бесінші маусым Ораза айт. Шариғат бойынша бір күн болса, біздің салт-дәстүріміз бойынша үш күге жалғасатын болады.

Қостанай облысы бойынша 18 мешітте ауызашар берілетін болады. Сондай-ақ өңіріміздің бас имамы жылдағы үрдіс бойынша қасиетті Құранның 600 беттен тұратын сүрелерін жатқа оқитын 18 қариды алдырмақ. Қарилар Рамазан айының басынан бастап ақырғы күніне дейін құранды толық жатқа оқитын болады.

Сонымен қатар тарауық намазы түнгі мезгілде оқылып, кеш аяқталатын болғандықтар бірқатар мәселелер қаралған. Осы намазға қатысатын адамдар көп болғандықтан барлық мешіттерде жергілікті әкімдіктің келісімі бойынша арнайы автобустар шығарылатын болады. Мешітке келген жамағатқа көліктер аялмамаларға дейін адамдарды тасымалдайды.

Оразаның алғашқы күніне, соңғы күніне дейін пітір садақа қабылдау жалғасады. Былтырғы жылғыдай Республика бойынша 300 теңге деп бекітілді. Дегенмен алғашқы он күндігінде беріген садақаның сауабы молырақ болмақ дейді дін өкілдері.

Сондай ақ,Қостанай облысының аймақтық коммуникация қызметіалаңындаболған жиында, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының  Қостанай болысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы НұрғабылұлыҚостанай облысы бойынша айт намазы 7:30 да оқытылатын болатындығын жеткізді. Бірқатар ұсынстармен және  алдағы жоспарымен де бөлісті.

-Біз жақында Қостанайқаласы бойынша бір мезетте 47 бала оқитын арнайы сауат ашу курсын ашқан болатынбыз. Онда жату орны тегін, үш мезгіл тамағы тегін, жуынатын, кір жууға арналған құрылғылары бар. Қазіргі таңда біреуі екі айлық. Онда 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап қарайтын болсақ 296 бала тәмамдап шықты. Қостанай облысы бойынша сол балалардың 43-і «Нұр-Мүбарак»университеніде, өзгелеріеліміздегі діни колледждерде білімдерін  жетілдіріп жатыр. Екіншісі 9 айлық оқыту курсы, ол ашқан медрессеміз облыстық мешіттін ішінен 22 балаға шақталған.  Сондай ақ,  жыл сонына дейін 70 бала арналған сауат ашу курсын оқытатын арнайы орын дайындау көзделіп отыр, – дейді өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.

Сондай-ақ дін өкілдерінің Ораза айында өңірлердегі сауда-саттықпен айналысатын саудагерлер азық-түлік бағасын халыққа тиімді бағамен, мейлінше арзандатып сатса ісінің берекеті болар еді деген ұсыныс айтты.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77