Социум

Барыс жылы баршамызға жайлы болмақ

Жаңа 2022 жыл бізге молшылық пен береке сыйлайды

Қазақ халқында жыл қайыру, яғни жыл санау он екі жылдан тұрады. Он екі жылды ата-бабамыз бір мүшел деп білген. Бір мүшелдің жылдары он екі түрлі аң мен жануардың атымен аталған.

Бірінші – тышқан, екінші – сиыр, үшінші – барыс, төртінші – қоян, бесінші – ұлу, алтыншы – жылан, жетінші – жылқы, сегізінші – қой, тоғызыншы – мешін, оныншы – тауық, он бірінші – ит, он екінші – доңыз жылы.

Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Орталық Азия халықтарының күнтізбелерінде қолданылады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Барыс жылын жолбарыс  жылы деп те атайды.

Барыс сақтардың ұғымында қасиетті аң болған. Қазақ халқының жорамалдарында  Барыс жылы күрделі бетбұрыстан алдындағы тыныштық  жылы деп саналған.

Барыс жылы туғандардың табиғи белгісі  – ағаш.  Барыс жылғылар өте мықты, қажырлы, шынайы, жомарт болып келеді. Жаман қасиеті: тынымсыз, өз басын ойлап қалған өзімшілдеу.

Барыс жылы қиындық пен қуанышқа, ауыртпалық пен жақсылыққа толы жыл. Дегенмен, бұрындары тарихта барыс жылына қатысты елеулі оқиғалар болмаған. Сол себепті барыс жылын қазақтар жайлы жыл деп санамайды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) барыс жылы туып, ұлу жылы қайтыс болған. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы барыс жылымен тұспа-тұс келді. Мұстафа Шоқай барыс жылы дүниеге келіп, жылан жылы өмірден өтті.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан Барыс жылының жайлы екенін түсіндік. Осы ретте біз қаламыздағы болашақты болжап, келешектің қалай болатынын біліп отыратын  бірқатар жандармен жолығып, табалдырықтан аттағалы отырған жаңа барыс жылы қандай болатынын сұрап білген едік.

Салима Искакова, болашақты болжаушы:

-Еңбектенген, табысқа ұмтылған жан үшін барыс жылы жаман болмайды. Келер 2022 жыл үш екіден тұрады. Оларды қосқанда 6 саны шағыды. Ал 6 саны сәттіліктің белгілі. Осыған байланысты бұл жылы жеке кәсіп ашамын деп бел буған жандарға ешетеңеден қорықпай кірісуге болады. Сонымен қатар бір жерден екінші жерге көшемін, қоныс аударамын деген жандар үшін де сәттілік серік болады. Сондай-ақ барыс жылы отбасын құрғандардың шаңырағы берік болатыны анық. Бұл жылы нәрестелер де  нәрестелерде жарқын келешекпен  дүниеге келеді. Мұндай балалар өмірде көп нәрсеге қол жеткізіп, үлкен биіктерге көтеріледі. Жалпы, бір сөзбен айтқанда келер жылы кез-келген жан болашаққа деген қорқынышынан  арылып, тек жетістіктерге ұмтылуы қажет.

Сондай-ақ қазіргі еліміздегі жұқпалы коронавирус дертінің 2022 жылдың наурыз айынан бастап беті қайтып, халық бұрынғы қалыптағы өміріне оралады. Аталмыш дерт келер жылы халыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді. Менің болжамым бойынша барыс жылы жайлы жыл болмақ. Бұл жылы егін де бітік шығып, халықтың жағдайы біршама жақсара түсетінін айтқым келеді, – дейді.

Рахима Айтжанова, құмалақшы:

-Менің құмалағым кіргелі тұрған Барыс жылы еліміз үшін өте жайлы болады дейді. Бұл жылы егін бітік шығып, алқапты өңірлерде молшылық орнайды. Азық-түлік бағасы айтарлықтай арзандамаса да, бұдан арғай қымбаттамайды. Облыс тұрғындарының табысы артады. Соған байланысты күнкөріс сапасы да жақсарады.

Сонымен қатар келер жылы көп бала дүниеге келеді. Әсіресе, қыз балалар  көптеп туылады. Бұл үлкен жақсылықтың нышаны.

Сондай-ақ қазір елімізде жүріп жатқан жұқпалы дерт коронавирустың беті бері қайтады. Бұл ауруға шалықтандар саны азаяды. Халықтың денсаулығы жақсара түседі.

Ірі өрт, жол апаты сынды оқиғалар көп болмайды. Мұндай халықтың қабырғасын майыстыратын кездерді көріп тұрған жоқпын. Жалпы, жыл жан-жақты жайлы болмақ.

Құмалағымның айтуынша, бұл жыл еңбек етемін, жеке кәсібімді бастаймын деген жан үшін қолайлы болмақ. Сондықтан облыс тұрғындарына соның ішінде Қостанай қаласының халқына өзіңіздің қалаған кәсібіңізбен айналысатын уақыт жетті дегім келеді. Шыр айналып реті келетін жұмыспен  емір-еркін айналысып, үлкен табысқа жетуге болады.

Жаңа жылды қалай қарсы алған жөн?

Қытай нумерологиясы бойынша 2022 жыл – су жолбарысы жылы.

Бұл жылды қара-көк түсті киіммен қарсы алған дұрыс. Жыл символы тым ашы, жарқын түстерді ұнатпайды. Суық түстерге басымдық берген абзал.

Келер жылы адамдар үнемі қимыл-қозғалыста жүреді. Жиі көшіп-қонады. Тек алға қадам жасап, дамып, өсе береді. Сондай-ақ 2022 жыл депозит ашып, ақша жинауға қолайлы кезең. Бірақ көзсіз тәуекелге баруға болмайды. Асығыс шешім қабылдап, опық жеп қалуыңыз әбден мүмкін.

2022 жылда қатарынан үш 2 тұр, бұл сан идеяны, энергияны білдіреді. Адамдар ішкі түйсікке  көп мән береді. Ал 6 саны сондай-ақ еңбекқорлық, тұрақтылық, ауызбіршілік белгісі. Егер адамның туған жылында алты сан болмаса, ақша тұрақтамайды, шашыла береді. Егер адамның туған күнінде 6 саны бар болса, онда ол келер жылы үлкен байлыққа кенеледі.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77