Онда жиналғандарға жан-жақты мәлімет берілді
Қостанай облысының өкілі Бас имам Бахыбек Нұрғабылұлы өңірлік коммуникациялар қызметі залында Рамазан айына байланысты брифинг өткізді.
Кездесуде алдағы қасиетті айдың 6 мамырда басталып 30 күнге жалғасатынын айтып өтті.
Сонымен қатара 5 мамырдан бастап тарауиқ намазынан соң күнделікті облыстық мешітте 500-600 кісіге ауыз ашар ұйымдастырылып жатқаныжайында да ақпарат берді.
«Бұл айдың қасиеттілігі Құран түскен ай сондықтан тек ғана ішіп-жеуден тыйылып қоймай, құлшылықты күшейтіп, қасиетті Құранды көп оқып, оқу білмейтіндер болса үйренуге шақырды. Себебі, басқа күндерден қарағанда Рамазан айының әрбір күнінде жазылатын сауаптың шексіз екендігі туралы хадисте айтылған», деді Бас имам өз сөзінде.
Халыққа толық ақпарат жетуі үшін Рудный қаласының Бас имамы Азамат Серікбайұлы Рамазан айы жайында орыс тілінде мәлімет беріп, журналистердің сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Сонымен 2019 жылдың 5 мамыры 1-ші тарауиқ намазы. 6 мамыр оразаның 1-ші күні. Қадір түні 31 мамыр. Ал 5 маусым Ораза айт.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77