Баспаналы болудың тиімді бағыты

Баспаналы болудың тиімді бағыты

Комментарии к записи Баспаналы болудың тиімді бағыты отключены
Загрузка...


Әр жетінші салымшы тұрғын үйге қол жеткізген

Қостанай облыстық Банк филиалында 65 мыңнан астам тұрғын пәтер сатып алуға қаражат жинайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағдарламасының арқасында 10 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Бұл туралы филиал директоры Дәурен Саудабаев хабарлады.

Баспасөз туры барысында журналистер «Өз үйім» бағдарламасы аясындағы құрылыс нысандары «Жұлдыз» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлермен және Қобланды батыр даңғылындағы 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлермен танысты.

«Өз үйім» бағдарламасы халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті шеңберінде іске асырылатын банк бағдарламаларының бірі болып табылады. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша банк салымшылары тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде бастапқы жарнаны жинай отырып, пәтерлерді сатып ала алады, заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% құрайды, одан әрі 3,5-5% дейін төмендетумен 6 айдан 25 жылға дейін.

– Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі — тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз банк. Әсіресе, мемлекеттік және Банктің жеке бағдарламалары аясында тұрғын үйді нарықтық бағадан төмен бағамен алуға болады, – деп түсіндірді филиал директоры Дәурен Саудабаев.

«Жұлдыз» тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйлерді 2020 жылдың басында пайдалануға беру жоспарлануда. Үйлер кірпіштен салынған, кірпіштен жасалған қалқа есебінен жақсартылған шу оқшаулағышы бар, бір шаршы метр үшін 200 мың теңгеден. Жалпы ауданы 43,9 шаршы метр бір бөлмелі пәтердің құны 8 млн 780 мың теңгені құрайды. Бастапқы жарна 50% болған жағдайда ай сайынғы төлем 51 216 теңгені құрайды.

Қобыланды батыр даңғылындағы «Высоцкая О. Л.» жеке кәсіпкерлік салып жатқан үйдер бір бөлмелі пәтерді, 4 млн 988 мың теңге. Бұл бағдарламаның шарты бойынша ай сайынғы төлем небәрі 30 мың теңгегі құрайды.

– Біз құрылыс салушылар ретінде бірінші кезекте қала тұрғындарының пәтерлері жайлы, әрі жақсы өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында біз сапалы құрылыс материалдары мен озық технологияларға баса назар аударамыз, – деді «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС компаниясының өкілі.

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз банк. Банк құрылыс жинақ кассаларының Еуропалық Федерациясында және халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағында тұрады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ болып табылады.

Ильяс РАМАЗАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись