Біздің Қостанай

Баспананың басым бөлігі қалаға тиесілі

Бағдарламаны іске асыру үшін 18,2 млрд теңге бөлінген

Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 379,3 мың шаршы метрге тұрғын үй салынбақ. Оның ішінде 237,1 мың шаршы метріне көп пәтерлі тұрғын үй бой көтереді, 142,2 мың шаршы метріне жеке тұрғын үйлер салу жоспарланған.

– Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 107,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылдың кезеңіндегі тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі өткен жылмен салыстырғанда 103,1% құрады, – деді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Басқарма басшысының айтуынша, тұрғын үйдің ең көп көлемі Қостанай қаласына тиесілі екен.

Мемлекеттік бағдарлама «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін ағымдағы жылға бюджеттен 18,2 млрд теңге бөлінген. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз 7 жалдамалы тұрғын үй құрылысына 1,9 млрд теңге қарастырылып отырған көрінеді.

– 108 пәтер сатып алуға көп балалы отбасыларға баспана беруге – 900 млн теңге, сатып алуға 840 млн теңге Қостанай қаласында 100 пәтер және Тобыл қаласында 8 пәтерді сатып алуға 60 млн теңге.
Бүгінгі таңда Қостанай қаласында 657,3 млн теңгеге 58 пәтер сатып алынды. ЖАО мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару есебінен 34 көп пәтерлі кредиттік үйдің құрылысына 8,1 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қорытындылауға 7,3 млрд теңге, бүгінгі таңда Қостанай қаласындағы Қонай және Береке аудандарында перспективалы ғимараттардың шағын аудандарын сумен жабдықтау, кәріз, электр, газбен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үй кешендерін коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету тұрғын үй жобаларын уақытында пайдалануға беруге мүмкіндік береді, – деді Берік Таңжарықов.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы аз қамтылған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағыты бойынша несие берілуде. Несиенің негізгі шарттары, бастапқы және қайталама нарықтардан тұрғын үйді жылдық 2%-бен 20 жылға дейінгі мерзімге, бастапқы төлемі 10%-дан кем емес және несиенің максималды сомасы 10 млн теңге болады.
– Осы бағытты іске асыру барысында, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Қостанай филиалы 1543,4 млн теңге сомасына 219 өтінімді қабылдады, барлық өтінімдер мақұлданды. 1330,9 млн теңге сомасында 193 несие берілді, оның ішінде, көп балалы отбасыларға – 36 (287,3 млн теңге сомасына), 129 – толық емес отбасыларға (831,3 млн теңге сомасында) және 28 өтініш – мүгедек балалары бар отбасыларға (212,3 млн теңге сомасында). Биыл осы бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға 142, оның ішінде ХӘӘТ – 71 және көп балалы отбасыларға – 71 несие беруге 1,4 млрд теңге қаражат қарастырылған, – деп атап өтті Берік Таңжарықов.

Айта кетейік, халықты баспанамен қамтамасыз етудің қосымша шарасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелеу аясында жұмыс істейтін азаматтардың тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77