Социум

Бастаушы партия жанынан құрылған аймақтық жастарды қолдау кенесінің алғашқы жиыны өтті

Қаладағы студенттік жатақханалар ұдайы тексерілетін болады

Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Нұр Отан партиясы жанынан 14 жаңа қоғамдық кеңес құрылған болатын.

Қостанай қаласынан құрылған аймақтық жастарды қолдау кеңесінің бірінші отырысы ұйымдастырылып, кеңес мүшелері алдағы уақытта жасалу қажет жұмыстарды талқыға салды.

Бұл кеңестің басты мақсаты – аймақтағы жастарды қолдай отыра, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. «Жастар – Отанға» бағдарламасының іске асырылуын бақылау.

Алғашы жиында кенес мүшелері төрт мәселені қарастырды. Оның ең алғашқысы Қостанай облысындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуы жөнінде. Өңірдегі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы назардан тыс қалмады. Өзектілерінің бірі Қостанай облысының ЖОО және колледж жатақханаларына мониторинг жүргізу қорытындылары туралы сөз болды.

Қозғалған әр тақырыпқа байланысты сала мамандары баяндама жасап, алдағы уақытта шешімі табылуы кажет мәселелер талқыланды.

Кеңес төрайымы болып «Агромашхолдинг» кәсіпорынының бірінші вице-Президенті Динара Шукижанова тағайындалды. Оның айтуынша бұл қоғамдық кеңес мәселелерді айтып қана қоймай, олардың шешімін табатын, жастарға қолайлы өмір сүріге мүмкіндік жасайтын болмақ.

– Бүгінгі жиынды біз барынша пайдалы етіп өткізуге тырыстық және шынымен де жүйелі ойлар айтылды. Біз алдағы уақытта жұмыс жасау қажет мәселелер тізімін жасадық. Аймақ жастарын қолдау кеңесі іс жүзінде ғана емес, жастарға пайдамыз тиетіндей жұмыс істегіміз келеді, біз оны қолға алдық. Алдағы уақытта жатақханаларға да аяқ асты жасалынатын мониторинг жүргізуді жоспарлап отырмыз. Солай ғана біз шынымен қандай мәселелер бар екенін анықтай аламыз. Жергілікті мекемелерге жүгініп шеше аламыз, – деді кеңес төрайымы.

Қоғамдық кеңес аясында Қостанай өніріндегі барлық 22 студенттік жатақханаға мониторинг жүргізілген. Тексеріс барысында жөндеуді қжает ететін және төсек орын санын арттыру қажет студенттер үйі анықталған.

– Бүгінгі отырыстан кейін хаттама жіберіп тиісті оқу орнына тапсырма беріледі, бақылау жұмыстарын жалғастырамыз, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абай Жүсіпов.

Бүгінгі күні жастарға арналған мемелекеттік бағдарламалар аясында шешілуі қажет бірнеше мәселелер тізімі жинақталды. Сондықтан біз тек облыс көлемінде емес. Қажет кезінде Республика көлемінде де жұмыс жасауға дайынбыз деген үндеу тастады кеңес мүшелері.

Айгерім Төлепова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77