Біздің Қостанай

Басты міндетіміз – бұқаралық спортты алға жылжыту, жандандыру

Өткен аптада мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында асық ату және тоғызқұмалақтан Қостанай облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Рудный, Қостанай қалалары мен Қостанай ауданынан 35 спортшы қатысты.

Рухани мәдениет дегеніміз ол сол ұлттың — тілі, діні, салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті және бұларды ұлттық мейрамдарда, ұлттық ойындарды көбірек көрсету арқылы дамытып, әрі қарай сақтауға болады, ұрпақтан ұрпаққа таратуға болады. Егер де қазақ халқының ұлттық ойындарына назар аударып көрсек, ол оның көшпенді мал шаруашылығымен айналысатынына және жазық, кең далада өмір сүретініне байланысты, соған лайықталынған ұлттық ойындар. Қазақ балалары ерте заманнан – ақ өмірде кездесетін түрлі заттарды өздеріне икемдеп, ойыншықтар жасап, ойын түрлерін молайтып отырған. Ойын дегеніміз – адамның ақыл- ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

– Бұл ұлттық спорт бойынша турнир. Әлеуметтік жоба, жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шараның басты мақсаты ұлттық ойындарымызды насихаттау. Облысымыздың аудандары мен қалаларынан келіп қатысып жатқан ойыншылар өте көп, – деді мүгедектер спорт клубының басшысы Абзал Валиев.
Ерлер мен әйелдер арасындағы абсолютті біріншілік бойынша Қостанай ауданының ойыншылары Конысбай Садырбеков 1 орын, Лидия Чуева 2 орын, ал 3 орынды «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сергей Пак иеленді. Оған қоса асық атудан ерлер арасында 5 категория бойынша, ал әйелдер арасында 3 категория бойынша орындар берілді. Дәл солай тоғызқұмалақ ойындарынан да ерлер мен әйелдер арасында 3 категория бойынша жүлделі орындарға ие болды.

10 жылдан астам уақыт бойы осындай чемпионаттар өткізіліп келеді. Бұл әлеуметтік тапсырыста басқа да спорт түрлері бар. Біз оны биыл жеңіп алдық, енді осы жыл ішінде түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Бұл осы іс-шаралардың бірі. Басты мақсат – мүгедектер арасында ұлттық ойындарды дамыту. Біздің ең басты міндетіміз – бұқаралық спортты алға жылжыту. Бүгінгі күні бізбен бірге әлем чемпионы да, олимпиадашылар да бар, – деді «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенғали Оспанов.

Ойын адамның өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, өзара пікірлесіп, әсер алысады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77