Біздің оқырман әлеуметтік желіде БЖЗҚ жинақтарды стоматологиялық қызметтерді қоса алғанда, емделу үшін пайдалануға бола ма деген сұрақ қойды
Бұл сұрақтың жауабын алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарласып білдік. Өйткені ғаламторда түрлі ақпарат тарап, қайсы дұрыс, қайсы дұрыс емес екендігін біле бермейсін. Жинақталған зейнетақы қаражаты белгіленген шектен асқан жағдайда, оның артығын медициналық қызметтерге бағыттауға мүмкіндік береді.
– Ережеге сәйкес, мұндай мүмкіндікті пайдалана алатын азаматтар – зейнетақы жинақтары жас ерекшелігіне байланысты белгіленген ең төменгі сомадан асатын тұлғалар. Егер сіздің жинағыңыз шекті сомадан асса, артығын емделуге жұмсауға болады. Рұқсат етілген медициналық қызметтер қатарына стоматологиялық емдеу, соның ішінде тіс имплантациясы кіреді. Сонымен қатар, қаражатты сирек кездесетін және ауыр ауруларды емдеуге, сондай-ақ заңда қарастырылған басқа да процедураларға жұмсауға болады, – деп БЖЗҚ қызметкері жауап берді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, қаражатты емделуге пайдалану туралы өтінішті «Отбасы банк» порталы арқылы беруге болады. Ол үшін жинақтарыңыздың көлемін тексеріп, олардың шекті сомадан асқанын анықтап, қаражатты пайдалану мақсатын көрсете отырып, өтініш толтыру қажет. Өтініш мақұлданғаннан кейін қаражат Қазақстанда аккредиттелген медициналық мекеменің шотына тікелей аударылады.
БЖЗҚ-те зейнетақы жинақтарын бекітілген тізімге кірмейтін медициналық қызметтер үшін пайдалануға болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын шетелде емделуге жұмсауға рұқсат етілмеген. Толық ақпарат алу үшін БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуге немесе олардың жедел желісіне хабарласуға кеңес беріледі.
Осылайша, егер сіздің зейнетақы жинақтарыңыз шекті сомадан асса, артығын стоматологиялық қызметтерді қоса алғанда, емделуге Қазақстан заңнамасына сәйкес пайдалануға болады.
Аяжан СЕРІК,
кесте stan.kz сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77