Ақбөкендердің төлдейтін аймақтарында рейд шаралары күшейтілді
Бетпақдаланы мекен ететін киелі киіктің төлдейтін уақыты да алыс емес. Облысымыздың оңтүстік бөлігінде кездесетін ақбөкендерді атып алуды ұнататын жандар да аз емес. Осыған байланысты аймақтарда ақбөкендердің популяциясын қорғау бойынша рейд шаралары жүргізілуде,-деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Олардың мәлімдеуінше, бұл шараға Амангелді және Жангелдин аудандарының қорық қызметкерлері де білек сыбана кіріскен. Рейд барысында, мобильдік топтар Қостанай облысымен Қарағанды және Ақтөбе облыстары шекарасындағы ақбөкендер мекендейтін 4 мың шақырымнан астам аумақты толық тексерген. Бұл аймақтар ақбөкендердің популяциясының тіршілік ету ортасы болып саналады.
Ақбөкендер көбіне Жангелдин ауданының периметрінде төлдейді екен. Облысымызда жарияланған карантин режиміне байланысты аңшылық кезеңі әлі ашылмағаны белгілі. Сонда да аңшылардан киелі киікті қорғауды күшейту маңызды.
Осылайша Қызыл кітапқа енген жануарды дер кезінде қорғап, оның өсімін көбейту басты мақсат болып отыр.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77