Жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алады
Ыбырай Алтынсарин салған білімнің сара жолы осы уақытқа дейін сан рет өзгерді. Министрлердің өзгеруімен оқу құралы да сан алуан түрге енді. Білімнің атасы Әліппемен қаншама ғұламалар сауат ашты. Мектеп ауласында өтетін «Білім күні» салтанатында 1 сыныпқа келген бүлдіршіндердің қолына Әліппені ұстатып, мектеп табалдырығын аттаттық. Мектепке «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» қаншама ұрпақ әліппеден білім алды.
Осылай білімнің негізі болған Әліппе бір кездері керек болмай қалды. Оның орнын кішкентай бүлдіршіндердің қолына ұстауға ыңғайсыз үлкен кітап «Сауат ашу» басқан болатын. Бірақ халық үшін әліппенің орны бір бөлек еді.
Міне, биылғы жаңа оқу жылында көптен бері қол үзіп сағынып жүрген әліппеміз бүлдіршіндерге қайтадан ұсынылатын болады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеп, көпшілікті бір қуантып тастады.
«1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде Әліппе табысталады. Ал 2-11 сынып оқушылары бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады», – деді министр үкімет отырысында.
Сондай-ақ биыл жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77