Социум

Бірқатар мамандар мерекеге орай марапатқа ие болды

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін онлайн марапаттау рәсімі өтті

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан  Мендекинова сөз сөйлеп, барлық жиын қатысушыларын құттықтады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерге, журналистерге, аудандық, қалалық және облыстық тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстады.

Атап айтсақ, марапатталғандардың ішінде облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі Евгений Лешков пен Қостанай қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы Владислава Сидорова  да бар. Олар ұлты өзге болса да  қазақ тілін еркін меңгерген. Мемлекеттік тілде ойларын толық жеткізеді. Қазақ тілін жақсы білгендіктері олардың күнделікті жұмысында да үлкен көмек болып келеді.

– Біз жылда тілдер күні мерекесіне орай бірқатар мамандарды марапаттап отырамыз. Тіл білген адамның өмірде алар асуы көп. Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерсем деген өзге ұлт өкілдерінің саны артып келеді. Бұл өте қуанышты жағдай. Осы орайда аудандардағы тіл оқытатын орталықтардың мамандары елеулі жұмыс атқаруда,-дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77