Здравоохранение

Бір мақсат, бір жүрек: Қостанайдағы онкологиялық аурухана жайлы

Денсаулық-адам өмірінің негізгі құндылығы. Сол денсаулықты сақтап қалуда дәрігердің алатын орны ерекше. Олар бізге тек үміт отын сыйлап қана қоймай, әр адамның жанына демеу болады. Оларға қандай мақтау сөз айтсаң да артық етпейді. Осы тақырыпты қозғағанда көптеген адамның өмір сүруіне үміт беріп жүрген  Қостанай қалалық онкологиялық ауруханасының мамандары туралы айтып өтпеу мүмкін емес.

Аталмыш мекеме облыстағы онкологиялық ауруға шалдыққан жандар үшін арнайы медициналық көмек көрсететін жалғыз ұйым. Бұл жерге қатерлі дертке шалдыққан адам екінші өмірін бастаймын деген үлкен үмітпен келеді. Қазіргі таңда аталған мекеменің көрсетіп келе жатырған  нәтижелері көңіл қуантады.
– Орын алатын әрбір күрделі жағдай үшін мультидисциплинарлық топ жұмыс істейді. Бұл қиын емдерді тиімді емдеу тәсілін таңдауға мүмкіндік жасайды. Бізде негізінен хирургиялық ем, химиотерапия және сәулелік терапия жүргізіледі. Онкология-бұл жәй ғана дерт емес. Бұл біріккен ұжымның үлкен жеңісінің көрінісі,- дейді ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айгүл Қуандыққызы.
Қазіргі таңда ауруханада адам өмірін арашалап қалу үшін 55 дәрігер, 126 орта медицина қызметкері  жұмыс істейді. 2024 жылы бұл емханада 9450 науқас ауруынан айығып шыққан. Ал поликлиника бөлімінде 46 000-нан астап адам онколог дәрігердің кеңесіне жүгінген.
– Соңғы жылдары қатерлі дертті ерте анықтауда үлкен даму байқалады. Әрі түрлі бағдарламалар мен медициналық зерттеулер ұйымдастыру қолға алынған. Мәселен, “Жасыл дәліз” атты маршруты арқылы қатерлі ісікке күдіктенген науқастар 18 күннің ішінде толық тексерістен өте алады. Сонымен қатар, 30-70 жасқа дейінгі азаматтар үшін арнайы скринингтік бағдарламалар белсенді жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бұл салады молекулалық-генетикалық диагностика кеңінен қолданылып келеді. Оның арқасында клиникалық хаттамаларға ондаған таргеттік және иммунотерапиялық дәрілер енгізілді. Биыл ауруханамызға “Линейлік үдеткіш” орнату жоспарланған.  Бұл құрылғы науқастарға дәл әрі сапалы сәулелік терапия алуға мүмкіндік жасайды,-деп толықтырды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық аурулардың асқынған түріннің көрсеткіші 15.2% дан 15.0%-ға дейін төмендеді. Бұл дәрігерлер үшін үлкен қуаныш екенін де атап өтті.
– Биыл емханамызда жаңа жабдықтармен жабдықталған сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды. Бұл орталық асқазан-ішек жолдары және басқа да эндоскопиялық зерттеулерді қажет ететін органдардың нақты диагностикасын жүргізуге болады. Бұл жерде шағын эндоскопиялық ота жасайды. Атап айтсақ, обыр алды ісіктері, полиптер мен аденомаларды алып тастай сынды процесстер жүзеге асырылады. Мұндай ота қатерлі ісікті ерте анықтап қана қоймай, науқас жандардың өмір сүру ұзақтығын арттырады. Жыл басынан бері эндокопист-дәрігерлер 3600-ден аса емдік-диагностикалық зерттеулер мен 700 операция жасады,-дейді Айгүл Сұлтанова.
Айгүлдің сөзінше науқастардың сенімдері мен қиын емнен кейінгі сөздері олардың одан әрі талмай жұмыс істеуге деген ынталарын оятады. 2023 жылы аталмыш дерттен 674 адам көз жұмса, бұл көрсеткіш 2024 жылы 656 адамға төмендеге.
– Қазақстанда онкологиялық ауруларды, оның ішінде жатыр мойны обырын, сүт безі обырын және тоқ ішек обырын ерте анықтау үшін скринингтік бағдрлама бар.  Скринингтен өту үшін тіркелген емханаға бару қажет. Бұл тексерістен 30-70 жастағы адамдар қамтылады,-дейді ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айгүл Қуандыққызы.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған кейіпкер

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77