Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңес өтті
Негізгі мәселелердің бірі – студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету.
Баяндамалар көрсеткендей, қазіргі уақытта жастарға арналған тұрғын үй тапшылығы бар, бұл олардың оқуына және жаңа жағдайларға бейімделуіне қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін. Осыған байланысты, жатақханаларда студенттерге қолайлы жағдай жасау бойынша күш-жігерді күшейту, сондай-ақ мәселені шешу үшін жаңа жатақханалар салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Қазіргі таңда 400 – ге жуық студентке жатаханадан орын жетпей қалды.
– Жатаханалардың 98 пайызы толды. Бос орындар аз қалды. Студеттер үйіне ең жоғарғы төлем ақы 25000 теңге. Айта кетсек, 2025 жылға қарай колледждер мен жоғарғы оқу орындаының жатаханаларын қосымша 50000 орынмен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жатаханасы осы жылдың желтоқсан айында қолдануға берілетін болады. 320 орыдық жатаханаға студенттердің тізімін әзірлеп қойды, – дейді Қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Абылай-хан Кәкенов.
Алайда, қосымша назар аударуды қажет ететін бірқатар аспектілер бөлінді. Кеңесте бірнеше маңызды ұсынстар айтылды. Солардың бірі жатақханаларда тұратын студенттерге тұру жағдайына қатысты мәселелер туралы хабарлау үшін сенім телефонын ашу. Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы студенттердің жеке жатақханалардан тұру жағдайларына байланысты мәселелерді шешуге белсенді түрде жәрдемдесетін болады. Суық мезгілде жастардың жайлы және қауіпсіз тұруын қамтамасыз ету үшін қыс мезгіліндегі жатақханаларды бақылау.
– Студенттер үйінің төртінші, бесінші қабаттарына жылу жетпейді. Сондықтан қыс кезінде барып тексерген жөн. Қазір дала жылы барлығы керемет. Ешқандай қиыншылық жоқ, ал қыста барлығы сыртқа шығады. Оған қоса, студенттермен жатаханадан тыс кездесу керек деп ойлаймын, – дейді жастарды қолдау жөніндегі кеңес мүшесі Байболат Сегізбаев.
Тамыз айында өткен мониторингтік топ мүшелерінің мәлімдеуінше, өздері аралаған студенттер үйінің күйі мәз емес. Бұл мәселе әрбір оқу жылы басталған сайын көтеріледі. Жақын арада барлық мәселелер шешіледі деген үміттеміз.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77