2025 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлемдері 1 ақпанға дейін жүргізіледі
Ақша 2025 жылдың қаңтар айының басында есептеледі. Әр балаға төленетін төлемнің мөлшері Ұлттық қордың инвестициялық кірісіне және жылдың 1 қаңтарындағы балалар санына байланысты.
– 2007 жылы туылған балаларға нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есептеу 2025 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады, олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін, – деп хабарлады БЖЗҚ қызмтекері.
Алдын ала мәліметтер бойынша, төлем мөлшері әр балаға 118-ден 130 АҚШ долларына дейін болуы мүмкін. Толығырақ ақпаратты, яғни төлем мөлшерін БЖЗҚ өз сайтында мәлімдейді.
Айта кету керек, 2024 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18-ге толмаған балалардың шотына 100 доллардан түскен болатын.
Аяжан СЕРІК,
сурет архивтен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77