ЖКХ

Биыл кез келген қазақстандық үй кезегіне тұра алады

2025 жылдың 24 мамырынан бастап “Отбасы банк” тұрғын үй саласындағы Ұлттық даму институты ретінде өз жұмысын бастайды. Бұл өзгеріс пәтер алуды тек арнайы санаттағы адамдар үшін ғана емес, барлық тұрғындар үшін қолжетімді етпек.

Жалпы тұрғын үй қорының 70%-ы көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен І және ІІ топ мүгедектерге, сонымен қатар жесір әйелдер мен ерлерге, Ұлы Отан соғысынын ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар үлесіне тиесілі. Қалған пайызы басқа санаттағы адамдар арасында бөлінеді.

– Егер азаматтың атына 5 жыл ішінде ешқандай жылжымайтын мүлік тіркелмесе, онда ол тұрғын үй санатына кезекке тұруға өтініш бере алады. Сонымен қатар, тіркеу мекенжайы Алматы, Астана, Шымкент қалаларында болса, сол қалада кемінде 3 жыл тұрақты тіркеуде болуы шарт. Тұрғын үй кезегіне тіркелген соң барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, үй алуға мүмкіндігін арттыра алады,- дейді бизнес дамыту бөлімінің басшысы Әмір Мәлікұлы.

Отбасы банкте депозит ашып, оған тұрақты түрде қаражат салып отырса, жылдық мөлшерлемесі төмен болады. Бұл-баспана алуды жеңілдететін негізгі факторлардың бірі. Кезекке қою онлайн форматта жүргізіледі. Отбасы банк сайтында “тұрғын үймен қамтамасыз ету” порталы құрылып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен orken.otbasybank.kz сайты арқылы барлық процесті жүзеге асырады.

– Бірнеше уақыт екі кезек қатар жұмыс істейді. Бұрын үй кезегіне тіркелген тұрғындардың тізімі алдағы уақытта толықтай біздің жүйеге көшіріледі. Тұрғын үй кезегіне соңғы 5 жылда меншігінде баспанасы болса, бұған дейін мемлекеттік тұрғын үйден үй алса, өтініште жалған ақпарат көрсеткен азаматтар бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды. Сонымен қатар, өтініш беріп жатқан қаладан басқа қалада апатты деп танылған үйі болса, жеңілдетілген ипотека арқылы баспанасы бар жандар болса, тұрғын үй кезегіне тұра алмайды,-деп толықтырды.

Гүлжан БӨЛЕГЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77