Биыл оқушылар жаңа оқу жылын үйлерінде бастайтын болды.
Елімізде кең етек жайып, көп адамның өміріне қауіп төндіріп отырған коронавирус пандемиясына байланысты 1-ші тоқсан қашықтықтан оқытылатын болып шешілді.
Үкімет отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді.
«Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», — деді ол.
Осыған байланысты ата-аналар тарапынан мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бірінші сынып оқушысы үйде отырып әліппені қалай таниды деген сауалдың да көтерілгені белгілі. Бұл сауалға министр Асхат Аймағамбетов:
«Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын»,- деп жауап берді.
Қазіргі таңда білімнен денсаулық маңызды болып тұрғандықтан кішкентай бүлдіршіндердің бір жерде топталып оқымағаны дұрыс сияқты. Әлем бойынша белең алған бұл қауіпті дерттің беті қайтпайынша балаларды бір жерге жинап оқытпаған абзал. «Сақтықта қорлық жоқ» екенін ұмытпайық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77