Социум

Биыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы хабарлағаны үшін 2 адам 483000 теңге көтермелеу алды

Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықтың белсенді атсалысуы қажет. 2023 жылғы 29 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданды.

Құжат 2023 жылы 15 қыркүйегінде күшіне енді. Бұл ретте оның негізгі міндеті – қазақстандықтарды парақорлықпен белсенді күресуге ынталандыру.

– Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы хабарлағаны үшін 2 адам көтермелеу алғанын хабарлаймыз. Сыйлықақы көлемі 483 000 теңгені құрады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

Бір жыл бұрын ақшалай сыйлықақы мөлшері 214 410 теңгеге тең болды және көтермелеуді 1 адам алған болатын.

2022 жылдың 12 айында 4 адам сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 1 498 735 теңге көтермелеу алды.

Сонымен қатар, 2023 жылы Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 29 тамызда бекітілген бұйрығымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеудің жаңа қағидалары бекітілді.

– Жаңадан қабылданған қағиданың заңдар жинағы болып: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылғжәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзшылық жасаушы немесе сыбайласы болып табылатын адамды көтермелеуге тыйым салу; лауазымдық міндеттеріне өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы басшылыққа немесе уәкілетті органға дереу хабарлау қажеттілігі енетін мемлекеттік қызметшіні материалдық көтермелеуге тыйым салу болып табылады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілеріне немқұрайлы қалмауына және оларға белгілі фактілерді хабарлауға немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де түрде көмек көрсетуге шақырады. Қанша соманы алуға болады? 30 АЕК – тен 4000 АЕК-ке дейін. Көтермелеу шарттарымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттіксектор тараптарынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке немесе 1424 сall-орталығына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға хабарласа алатынын хабарлаймыз.

Ақшалай сыйақының болуына қарамастан, бұрын сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға ұмтылған жоқ. Мұның басты себебі қорқыныш және өз позициясын жоғалту қаупі. Бірақ қолданысқа енгізілген «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-24-4-баптарына сәйкес ақпарат берушілер (сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған) қылмыстық іс жүргізу және еңбек кодекстеріне, сондай-ақ «қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттің қорғауында болады. Олармен арнайы келісім жасалады және сот процесінде ақпарат берушінің қорғалуына кепілдік беріледі. Сондай-ақ, оның еңбек құқықтарын қорғау үшін, соның ішінде пара туралы хабарланғаннан кейін жұмыс берушімен еңбек даулары кезінде Антикор өкілінің қатысуы үшін айтарлықтай кепілдіктер беріледі. Сондықтан егер осындай жағдайда байқап қалсаңыз, ол туралы айтуға қорықпаңыздар.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77