Мемлекеттік грант сомасын 3 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр
Бағдарламаны іске асыру үшін Қостанай облысында 2010 жылдан бастап 15,6 млрд теңге бөлініп, толық игерілген. Оның ішінде ағымдағы жылы 2,1 млрд теңге бөлініп, игерілген.
Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 151,7 млрд теңге сомасында 1 451 жоба мақұлданған. 2019 жылдың 11 айындағы көрсеткіш бойынша 16 млрд теңге сомасында 220 жоба мақұлданып, несие берілген.
– Он жыл ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлерге өз бизнестерін ашуға және дамытуға ғана емес, сонымен бірге ол үшін қажетті білім алуға да көмектесті. Мемлекет субсидиялау арқылы кәсіпкерлерге жалпы сомасы 135,2 млрр теңгеге 1033 несие бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендетілді, ал 2019 жылдың 11 айында 140 өтінім бойынша 12,9 млрд теңгеге қарастырылды. Орташа алғанда, бағдарлама кәсіпкерлерге қарыз қаражатын қарапайым банктік несиелерден 7-10% арзан алуға мүмкіндік берді, – деді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық – иновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков.
Жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін облыс кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 276,9 млн теңгеге 122 грант берілген. Оның ішінде ағымдағы жылы 59,6 млн теңге сомасында 21 грант, сондай-ақ, 29,6 млн теңге 10 грант «Жастар – Ел тірегі» жобасы аясында жас кәсіпкерлерге берілген.
– Бағдарламаны іске асырудың нәтижелері қолдау көрсетілетін бизнес-жобалардың салалық құрылымын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Олардың ішіндегі 32%-ті сауда қызметіне тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінің еншісінде 26,4%. Көлік және қоймалауға 17,3% тиесілі. Сонымен бірге, облыс қалаларындағы кәсіпкерлердің белсенділігін ескере отырып, қалаларда 1042 жоба, ал ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге 643 жоба арналған болатын, – деді басқарма басшысы.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77