Біздің Қостанай Культура

Бойына біткен қасиетімен қоғамға пайдасын тигізіп жүрген дарынынды жан

Еңбек адамы дегеніміз қазіргі қоғамның негізгі элементі, оның қозғалтқышы және құрылысшысы. Адам еңбегі экономиканы қалыптастырады, мәдени құндылықтарды анықтайды және әлеуметтік дамуды қамтамасыз етеді.

Еңбек адамы қазіргі қоғамда көптеген рөлдерді атқарады. Ол жұмысшы, маман, мұғалім, дәрігер, суретші, фермер, инженер және басқа болуы мүмкін. Адамның жұмысы әртүрлі және әртүрлі жағдайлар мен қажеттіліктерге бейімделеді.

Біздің ортамызда да жас та болса өз өнерімен, бойына біткен қасиетімен қоғамға пайдасын тигізіп жүрген дарынды жандар баршылық. Олардың еңбегі мәңгі жасайтынына да шүбә келтірмейміз. Өйткені олардың қолынан шыққан әрбір туынды ғимарат қабырғаларында сақталады. Олай болса суретшілік өнерімен қалың жұртшылыққа көз қуанышын сыйлап жүрген жандардың еңбегі ерекше екенін де атап өтуді жөн көрдік. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Владислав Татьянченко сурет салуды бала күнінен жақсы көргенін жасырмайды. Ал, болашақ мамандығын басқа саладан таңдағанымен бүгінгі табыс көзін де осы өнер саласынан тауып отырғанын жасырмайды. Бұл дегеніміз Владиславтың жеті қырлы, бір сырлы жан екенін дәлелдейтіндей.

– Мен қазір ҚӨУ-де шет тілдері мұғалімі мамандығы бойынша оқимын. Ал, сурет салу менің хоббиім деп айта аламын. 14 жастан бастап сурет сала бастадым, оған ерекше назар аудармадым. Бірақ, болашақта сурет салып табыс табамын деген ой болмады. Менің ерекше өнерімді бағалаған жандар, портреттерге тапсырыс бере бастады, менің алғашқы жұмысым 1000-2000 теңгені құрады. Қазір тіпті өзім сенбеймін. Мен өнер мектебінде оқыған жоқпын, барлық білімім тек тәжірибемен келді десем болады. Академиялық сурет салу тұрғысынан мен бәрін дұрыс істемеймін, қателіктерімді өңдеп, оларды әр жаңа жұмыста түзетіп отырамын. Мен өзімді бірінші дәрежелі суретші немесе басқа, енді бастаушы деп санамаймын, әркімнің өсетін уақыты болады. Менің басымдығым – адамдарға не ұнайтынын, не көргісі келетінін бейнелеу. Менің ойымша, ол уақыт пен күшке келіп тіреледі, – дейді кейіпкеріміз Владислав Татьянченко.

Бүгінде қаламыздағы түрлі ғимараттар мен дәмханалар соның ішінде сауда орындары мен спорттық кешендердің қабырғаларын түрлі тақырыпта безендіріп жүрген суретші жігіттің жұмыстарын кездестіруге болады. Сондай-ақ, суретті түрлі тақырыпта тапсырыс берушінің талғамына сай етіп уақытылы орындау да оның жауапкершілігінде.

– Қазір қай мамандық иесіне болсын шет тілін білу артықтық етпейді. Сондықтан болашақта өзім таңдаған мамандық бойынша жұмыс істемесем де суретшілік қызметімді жалғастырамын деген ойдамын. Бұл менің жүрек қалауым. Осы салада еңбек етіп келе жатқаныма жеті жылдан асты.

Тапсырыс берушілер де аз емес. Жасаған еңбегіме қарай табысым да бар. Жұмыстарымды инстаграм әлеуметтік желісіндегі “Wallpaint.qostanay” жеке парақшамнан көріп, таныса аласыздар. Адамдардың талғамы жоғары, соның ішінде портрет салуға да жиі тапсырыс түсіп тұрады, – дейді кейіпкеріміз.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген
Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77