COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106310

Выздоровевших

111953

Зарегистрированных случаев

3628

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Новости Социум

«Болашақта бізге қатынайтын автобустар саны артса» – дейді Тобыл қаласының тұрғындары

Жергілікті тұрғындар болашақтан үлкен үміт күтетіндіктерін жасырмады

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Осылайша көптен бері көптің көкейінде жүрген мәселе өз шешімін тапқандай. Бір күнде Затобол кентінің тұрғындарының мәртебесі қалалықтар болып өзгеріп шыға келді.
Осыған байланысты біз бірнеше жергілікті тұрғынмен жолығып, пікірлерін білген болатынбыз.

Сәуле Жадикова, зейнеткер:

– Мен Затоболда көптен бері тұрып келемін. Мұнда үйім орталықта орналасқандықтан мектеп те, аурухана да, аялдама да жақын. Өмір сүруге барлық жағдай жасалған.

Енді міне кент атауы қалаға ауысып, мәртебесі өсіп жатқанын естідім. Болашақта қала болғаннан кейін жағдайымыз бұдан да жақсара түседі деген үміттемін. Мәселен, 102 бағыттағы автобустың іші үнемі лық толы болады. Әсіресе, таңертең және кешкі уақыттарда автобусқа мінудің өзі қиын.

Сондықтан алдағы уақытта қала мәртебесін алғаннан кейін бізге жүретін автобустар саны арта түссе деп ойлаймын.

Ерлан Қонысұлы, күзетші:

– Затоболға қала мәртебесі берілгені жайында әрине естідім. Өте қуаныштымын. Енді біз де қалалықтар болып есептелеміз. Алдағы уақытта мұндағы жағдай бұрынғыдан да жақсарып, тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелер өз шешімін табады деген ойдамын. Әр нәрсенің өз игілігі болады ғой. Сондықтан бұл жаңалықты жақсы қабылдаған дұрыс деп санаймын.

Алтынай Кәрімжан, студент:

– Затобол кентінің қала болып өзгергеніне өз басым өте қаныштымын. Мен осындағы Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназияны бітірдім. Қазір Қостанай қаласындағы колледждердің бірінде білім алып жатырмын.

Осыған кейін Затобол кенті болса енді Тобыл қаласы болды. Әрине, мұндағы өмір сапасы жақсарады деп сенемін.

Сонымен қатар алдағы уақытта мұнда жаңа шағын аудандар ашылып, көпқабатты тұрғын үйлер салынатынын да естіп жатырмын. Бұл қуанышты жағдай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77