COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102323

Выздоровевших

107529

Зарегистрированных случаев

3472

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Новости Социум

Болашақта жүргізушілік куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өту міндетті болмақ

Бұл адам өмірін сақтап қалу мақсатында жүзеге асырылмақ

Енді елімізде жүрізушілік куәлігін алатын кезде алғашқы медицинадық көмек көрсету курсынан өту міндеттелетін болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жүргізушілік куәлігін алған кезде алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруді міндеттеуді көздеп отыр.

Бұл жайында: «Көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Жүргізуші куәлігі тек содан кейін беріледі. Себебі, статистикаға көз жүгіртсек, жол апаты болған кезде, азаматтарымыздың 60 процентке жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Алайда, өкінішке қарай, қазір зардап шеккендерге жәрдем бере алатындар 3-5 проценттен аспайды», – деп түсіндірді Елжан Біртанов.

Болашақта көліктің рөліне отырған жандардың міндетті түрде алғашқы көмек жасай алуы бір жағынан өте дұрыс. Жолда әртүрлі жағдайлар орын алып жатады. Мәселен, ойламаған жерде жол апатына ұшырап қалған сәттері жарақат алғандарға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілсе, өмірін сақтап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұл бастаманың артында үлкен мән жатқан секілді.

Бұл жайында қала тұрғыны, кәлік тізгіндегеніне бірнеше жылдың жүзі болған тәжірибелі жүргізуші Бақыт Ернешбаев былай дейді:

– Менің ойымша көлік жүргізушінің алғашқы көмек көрсете білгені өте дұрыс. Өйткені, қасыңдағы адам жарақат алып, қиналып жатса жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор. Осылайша оның сырқатынан айығып кетуіне өз үлесіңде қоса аласың. Мен бұл бастаманы толық қолдаймын. Өйткені, әрдайым бірінші кезекте адамның өмірі тұруы керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77