Үш жүз мың теңге көлемінде қарыз кешірілмек
Мақсат – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету.
Президент бұрын-соңды болмаған әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдады және 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны баршаға аян.
Жарлықпен азамат-тардың жекелеген санат-тарының банктердегі және микроқаржы ұйым-дарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешегін, сондай-ақ барлық азамат-тарға айыппұлдар мен өсімдерді бір жолғы өтеу бойынша шаралар жүргізу көзделген.
Бұл мақсатқа респуб-ликалық бюджеттен 88,5 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, сондай-ақ проблемалық кредиттер қоры (оператор) 17,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыны құнды қағаздар шығарады.
Қазақстан Республика-сының азаматтарын әлеу-меттік қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында барлық талаптарға сәйкес келген кезде кепілсіз тұтыну-шылық қарыздар бойынша берешек өтеледі. Көрсетілген қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, 18 жастан асқан мүгедек балалары бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың өсімпұлдары кешіріледі.
Ағымдағы жылдың 26 маусымдағы жағдай бойынша кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 миллион теңгеден аспайтын, негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алуышар үшін 300 мың теңге көлемінде қарызы кешірілмек.
–Қазіргі уақытта, Үкімет қаулысына сәйкес, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті мемлекет өтейтін және кредиттік бюроға жіберілген адамдардың тізімін жасады. Кредиттік бюро, өз кезегінде, тізімді банктермен және МҚҰ-мен салыстырып тексереді және 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспайтын жалпы берешегі бар әрбір тұлға бойынша қарыз бойынша жалпы берешекті 31 шілдеге дейін есептейді. Бірінші кезекте жылдық тиімді мөлшерлеменің ең көп мөлшері бар қарыздар бойынша берешек өтелетін болады. Екінші кезеңде-негізгі борыш пен сыйақы бойынша ең көп берешегі бар қарыздар бойынша берешек.
Үшіншіден-шарт жасасудың неғұрлым ерте күні бар қарыздар бойынша берешек. Проблемалық кредиттер қоры әрбір банкпен және МҚҰ-мен 2019 жылғы 9 тамызға дейінгі мерзімде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу туралы келісім жасасады. Кредиттік бюро ұсынған төлем тізімі негізінде оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пайда болған берешекті өтеу бойынша азаматтарды әлеуметтік қолдауды қаржыландыруға өтінім қалыптастырады, – деді филиал директоры.
Өтінім Еңбек минист-рлігіне келіп түседі, ол үш жұмыс күні ішінде проблемалық несиелер қорына Қазақ-стандықтардың қарыз жүктемесін төмендетуге бөлінген ақшаны аударуы тиіс. Қор 2 қыркүйекке дейін банктер мен МҚҰ шоттарына ақша аударатын болады.
Банктер мен МҚҰ 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау мақсатында борышкерлердің берешегін өтеуді жүзеге асырады.
9 қыркүйекке дейін банктер мен МҚҰ қарыз бойынша төлемдер кестесін қайта қарап, проблемалық кредиттер қорына әрбір борышқор бойынша берешекті өтеу туралы ақпаратты ұсынуы тиіс.
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша берешек қор ақша аударғанға дейін толық не ішінара өтелген жағдайда, банк немесе МҚҰ борышкерге соманың түскені туралы хабарлайды және Қордан түскен сома мен берешектің іс жүзіндегі қалдығы арасындағы айырма мөлшерінде түскен ақшаны борышкердің шотына аударуды жүзеге асырады не борышкердің таңдауы бойынша борышкердің өтініші болған кезде борышкердің кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша өзге ағымдағы берешегін өтеу шотына аударады.
Тізбе «Е-халық» ақпараттық жүйесіне енгізілетін болады.
Кепілсіз тұтынушылық қарызды өтеу туралы ақпарат алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электрондық үкіметтің веб-порталы көмегіне жүгнсе болады.
Ұлттық Банк Басқар-масының қаулысымен 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар азаматтарға айыппұлдар мен өсімдерді өтеу тетігі бекітілді.
Банктер және МҚҰ 2019 жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде айыппұлдар мен өсімақылар бойынша берешекті кешіруді жүзеге асырады және 2019 жылғы 2 тамызға дейінгі мерзімде кредиттік бюроға 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктік қарыз шарттары және микрокредит беру бойынша кешірілген тұрақсыздық айыбының сомасы туралы ақпарат жібереді.
Азаматтарға жаңа айыппұлдарды есептеуді болдырмау үшін негізгі қарызды өтеуді жалғастыру қажет.
Онлайн-кредит беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар осы тізімге жатпайды, онлайн-қарыз бойынша айыппұлдарды есептен шығару жүргізілмейді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77