Новости Социум

Бос орындар жәрмеңкесі болып өтті

Онда «Серпін» бағдарламасының түлектері де қатысты

Қостанайда облыстық бос орындар жәрмеңкесі болып өтті. Оған өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерінің 2000 бітірушілері қатысты. Олардың ішінде еліміздің оңтүстік аймағынан келіп білім алып жатқан «Серпін» бағдарламасының студенттері де бар.

Сондай-ақ жылда өткізілетін жәрмеңкеде  болашақ жас мамандарға 1200 бос жұмыс орны ұсынылды. Үстіміздегі жылы «Серпін» бағдарламысының аясында білім алып жатқан 700 студент жоғары білім иесі атанады. Олардың ішінде Қостанайда қалып, жұмысқа орналасуды мақсат етіп отырғандары да бар.

Мәселен, былтыр оңтүстіктен келген 120 студент өңіріміздегі оқу орындарын аяқтаған болатын. Оларың 20 пайызы облысымызда  тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалғандары өздерінің туған өлкелеріне оралған.

Жәрмеңкеге аймағымыздан 70 ұйым қатысты. Олардың ішінде коммерциялық кәсіпорындар, қоғамдық қорлар мен мемлекеттік мекемелер бар.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77