Социум

«Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясы басталды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және фискалдық деректер операторы бірге «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясын өткізуде. Бұл акция фискалдық чектерді талап етуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып, 2024 жылдың 4 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін өтеді.

– Акция барысында әрбір азамат кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу кезінде смартфондар мен басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Сыйлыққа ие болу үшін тек сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін чектерді «Amian» мобильді қосымшасына тіркеу қажет, — дейді Қостанай мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанна Тұрғанова.

Акцияға тек фискалдық чек алып, деректерді тіркеу немесе жіберу функциясы бар контрольно-кассовые машиналардағы чектер қатысады. Акцияның мақсаты — азаматтардың белсенділігін арттыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық мәдениетті дамыту және көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту.

«Amian» қосымшасын App Store және Play Market-ден тегін жүктеп алуға болады. Акция шарттарына сәйкес, чектің шығу күні мен уақыты ұтыс ойынының басталған күнінен ерте болмауы керек. Бір қатысушының тіркейтін чектерінің санына шектеу жоқ.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған Қостанай
мемлекеттік кірістер басқармасы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77