Даңқты жерлесімізге еңселі ескерткіш орнатылды

Даңқты жерлесімізге еңселі ескерткіш орнатылды

Комментарии к записи Даңқты жерлесімізге еңселі ескерткіш орнатылды отключены
Загрузка...


Хәкімжан Наурызбаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды


Қостанай шаһарының Алтынсарин және Пушкин көшелерінің қиылысындағы аллеяда қаламыздың 140 жылдық мерейтойында мүсін өнерінің көсемі, жерлесіміз Хакімжан Наурызбаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Қасиетті Қостанай жерінен қаншама өнерлі де білімді азаматтар шыққаны белгілі. Осындай өңірімізден шыққан қайталанбас тұлға облысымызға қарасты Меңдіқара ауданында дүниеге келген мүсін өнерінің бастауында тұрған жерлесіміз Хәкімжан Наурызбаев.

Хәкімжан Наурызбаевтың балалық шағы соғыс кезеңімен тұспа-тұс келіп, кішкентайынан бастап ересектермен бірдей ауыр жұмысқа белсана атсалысқан. Сол кездің өзінде ол балшықтан мүсін жасауға ден қойған. Ол адамның суретіне қарап оның мүсінін жасаумен айналысып, оның қолынан шыққан мүсіндер көпшіліктің қызығушылығына ие болған.
Кейін уақыт өте көптеген байқауларға қатысып, өзінің мүсіндерін көрмелерге ұсынған. Осындай талантты жанның еңбегі Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық көрмеге де қойылған.

Осылайша көпке танылған өнерлі жерлесіміз Алматы қаласындағы суретшілер училищесінде мүсін өнері бойынша алғашқы ұстаз болған. Еліміздегі мүсін өнерінің бастауында тұрған жерлесіміздің есімі барлық ұрпақ үшін үлкен мақтаныш.

Осы даңқты жерлесімізге арналып, облыс орталығындағы Алтынсари және Пушкин көшелерінің қиылысындағы аллеяда еңселі ескерткіш орнатылды. Оның ашылу салтанатына КСРО және Қазақстан Халық әртісі Асанәлі Әшімов арнайы қатысып, Хәкімжан Наурызбаев жайын да өзінің ыстық лебізін білдірді. Қазақ халқының мүсіншілік өнерінің бастауында тұрған жерлесіміздің өмірде өте қарапайым да кішіпейіл, ашық-жарқын адам болғанына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар оның әрдайым адами қасиеттеріне тәнті болғанын айта келе, оның туған өлкесінде еңселі ескерткіштің орнатылғанына өте қуанышты екенін жеткізді.

Сондай-ақ аталмыш жиынға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен қала әкімі Қайрат Ахметов қатысты. Басқа да өңіріміздің зиялы өкілдері жиналып, ескерткіш ашылған сәтте шашу шашып, гүл шоқтарын қойды.

Ескерткішті салтанатты түрде Асанәлі Әшімов пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ашты. Бұл жиынға қостанайлық тұрғындар көп жиналды. Олар өнерлі жерлесімізге арналған ескерткіштің келешек ұрпаққа өнеге болып қалатынын айтып, өздерінің жүрекжарды қуаныштарын жасырмады.

Мүсіншінің ескерткіші Тілеуберді Бинашевтің «Өнер ордасында» жасалды. Авторы Гульфия Мельдеш.
Осы ретте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер академиясының құрметті мүшесі Тілеуберді Бинашев өз сөзінде мүсіншінің туған өлкесінде әдемі де көрікті ескерткіштің қойылуының қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Қазіргі таңда мүсін өнерінің майталманына айналған ағамыз бұл еңселі мүсіннің жасалу жолын да баяндап өтті.
Бүгінде даңқты жерлесіміздің еңселі ескерткіші анадайдан жарқырап, мен мұндалап тұр.

Енді бұл ескерткіш мүсінші, даңқты жерлесімізді жиі есімізге салатын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись