Назымбек Молдабекұлының есімін Қостанайдағы қазақ ұлт аспаптар оркестіріне беру жөнінде ұсыныстар қаралу үстінде
Көктемге келген өмірге,
Жан едің жайсаң көктемдей.
Әз бейнең қалды көңілде,
Себелеп шуақ төккендей.
Арысым сенең айрылып,
Асқар бір тауым шөккендей.
Қанатым құстай қайрылып,
Аспаным құлап кеткендей.
Жарқырап тұрған айымды,
Қара бұл жапты бөктердей.
Жайқалып тұрған қайынды,
Жай түсіп жайпап өткендей.
Ел жүгін артқан нар тұлға,
Ұмытпас мәңгі халқың да.
Жасын боп өттің жарқылап,
Өшпес із қалды артыңда…
Тобыл-Торғай өңірі дарынға кенде болған емес. Солардың бірі де, бірегейі, күй өнерін дамытуға үлес қосқан, ҚР Мәдениет қайраткері, дәулескер күйші Назымбек Молдахметов еді.
Назымбек Молдабекұлы 1970 жылдың 1 сәуірінде Арқалық қаласына қарасты Қайынды ауылында өмірген келді. Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірді. Оқу орнын бітірген соң, Қостанайға келіп ұлттық өнерді дамытуға атсалысты.
Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Ақжелең» этно-ансамблінің көркемдік жетекшісі, шебер ұйымдастырушысы болды. Ансамбль шетелдерде өнер, көрсетіп, жүлдері оралып жүрді. Өңірде алғаш ашылған қазақ ұлт-аспаптары оркестрінің бас дирижері ретінде репертуар қорын байытуға көп еңбек сіңірді.
Өздеріңіз білетіндей былтыр жазда аяулы ағамыздан оқыстан, ойламаған жерден айырылып қалған болатынбыз. 1 сәуір күйшінің туған күні, тірі болғандар 51 жасқа толар еді.
Өзі басшылық еткен Жастар сарайында Назымбек Молдабекұлын еске алуға арналған «Домбырамның назы» атты еске алу кеші өтті. Онда Наз-ағаның жақындары, дос-жарандары мен өнердегі аға-іні, апа-қарындастары, өнерін жоғары бағалаған көрермені жиналды.
Соңында өшеп із қалдырған дарын иесі жайында көрерменге бейнетаспа көрсетілді. Кеш барысында Назымбек Молдахметовтың тапсырысымен шығарылған «Шақ-шақ Жәнібек», «Ұстаз» секілді көпшілікке жақсы таныс бірқатар күйлер орындалды.
Ең әсерлі сәті Наз-аға көзі тірісінде бас дерижері болған қазақ ұлт-аспаптары оркестірі үлкен экран арқылы дерижерлік жасап тұрған бейнесіне қарап отырып, күй орындады. Оркестр мүшелері бұл сәтте ерекше шабыттанып кетті. Бұл көрініс шын таланттың еш өлмейтінін, Наз-ағаның өнердегі ғұмыры мәңгілік екенін дәлелдеп берген көрініс болды.
Еске алу кешінде, бейнежолдау арқылы елімізге белгілі компазиторлар, дерижерлер Айтқали Жайым, Ермұрат Үскенов сынды ағалар ардақты інісі жайында естелік сөзін арнады.
– Күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан, айтулы азамат еді. Соның өркендеп-өскені, шәкірт тәрбиелеуде еңбегі зор болатын. Әріптестер болып ансамбль құрып басы қасында болып, қамқорына алып еңбек сіңірді. Ансамбльдің репертуарын байытудағы үлесі зор. Маған көптеген тапсырыс беріп, «Шақ-шақ Жәнібек» Ыбырай Алтынсарин руханы арнап поэма жаздыртты. Осының бәріне жүгіріп, соған қаржы тауып тынбады. Назымбектің еңбегі ұмытылмайды, – деп лебізін білдірді Ермұрат Үсенов.
Тағзым кешіне арнайы келген қонақтар естелік сөз сөйлеп, Назымбек Молдабекұлының рухына арнап күй шертіп, жүрек тебірентер әндерін орындады.
Тараздан арнайы келген Ш. Қалдаяқов атындағы халықаралық байдауқдың лауреаты Жанатбек Қадыров, күйші Әлімжан Әбсадықов, Халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлмира Үмбетовалар естеліктер айтып, өнерін ұмыт қалдырмай еске алып жатырған туған еліне алғыс білдірді.
Кеш соңында сөз алған Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, Назымбек Молдабекұлы өзі басқарған қазақ ұлт аспаптар оркестіріне есімін беру жөніндегі ұсыныс кеңесте қаралғанын айтп өтті.
– Назымбек Молдабекұлы Молдахметов Қайыңды ауылында 1970 жылы 1 сәуірде туды. Бүгін, 1 сәуір – Назымбек Молдабекұлының екінші рет өмірге келген күні. Өйткені бүгінгі кеш қайраткердің мәңгілік өнер-ғұмырының басталғанының белгісі… Наз-ағаның есімін ардақтау, ұмыт қалдырмау тұрғысында көптеген ұсыныс айтылды. Таяуда филармония ұжымымен кеңес өткізіп, ақылдаса келе, өзі негізін қалаған қазақ ұлт аспаптар оркестріне есімін беру бастамасын көтердік. Бастаманың құзырлы орындардан қолдау табар күні алыста емес деп ойлаймын, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Тағзым кешінің соңында жиылған көрермен орындарынан тұрып, сахна өнерпаздарымен қосыла Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» бірге шырқады.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77