Қасиетті түнді үйден ниет етіп қарсы аласыз
Еліміздегі ахуалға байланысты 19 мамыр – Қадір түнін үйде қарсы алуға тура келіп отыр. Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы осы жөнінде түсініктеме берді.
– Облыстағы мешіттердің жұмысы қазіргі таңда тоқтап тұр. Қостанай облысының бас санитар дәрігері жасаған мәлімдемеге сай 1-ші маусымға дейін діни ұйымдар қызметтін тоқтата тұрады. Алайда, осы уақытқа дейін онлайн түрде қызмет атқарып келдік. Яғни, Қостанай облыстық мешітінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында дәрістер жүргізіп, уағыз-насихаттар айтылып, сұрақтарға-жауап беріліп келді, рұқсат етілмейінше онлайн түрде қызметімізді жалғастыра береміз, – деді Бақытбек қажы Нұрғабылұлы.
Бақытбек қажы Нұрғабылұлының айтуынша қасиетті Қадір кешінде Құран хатым дұғасын, уағыз-насихат пен пайдалы дәрістерді онлайн режимде өткізеді. Үйде отырып, онлайн режимде дұғаға қатысып, насихат тыңдауға толық мүмкіндік бар.
– Әдеттегідей кешкі сағат 23:00-ден бастап онлайн сабақтарымыз басталады. Сол аралықты Қадір түні жайлы ақпарат беріледі. Ол түнді қалай өткізген дұрыс деген сұрақтарға жауап береміз, халыққа түсіндіреміз. Сосын 24:00-ден 01:15-ке дейін уақыт аралығында намаз оқу үшін үзіліс болады. Ары қарай тағы да таңғы сағат 04:00-ге дейін дәрісімізді жалғастыратын боламыз, – деді бас имам.
Өз тілшіміз
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77