Новости Социум

Дінің – діңгегің

Жұмыскерлерге дастархан жайылды

Бүгін қасиетті жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Рудный қалалсындағы «Рахат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерлеріне арнайы ас дайындалып дастархан жайылды. Қаламыздың көркіне көрік қосып, қыстың қатты аяздарына қарамастан өздерінің күндедікті міндетін толық атқарып жүрген жандарға мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы мешіт ұжымы атынан алғысын жеткізді. Сонымен қатар Ислам дініндегі тазалықтың маңызын түсіндіріп, көркем уағыз-насихат айтты.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, «Дін-бұл тазалық» — деп бұйырады. Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Сондықтанда Ислам дінінде тазалыққа орасан зор көңіл бөлінетіндігі белгілі.

Осындай тазалықты сақтап, жаздың аптап ыстығындада, қыстың қақыраған суығында да қаламыздың сәнін  келтіріп  жүрген «Рахат» ұжымының жұмысшыларына Алла береке беріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық нәсіп етсін.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77