Біздің Қостанай Социум

Достық үйінің қабырғасында мереке қарсаңында «Халық Аруы-2023» байқауының финалы өтті

Қостанайдың алғашқы «Халық Аруы-2023» атағы Мария Любрицкаяға бұйырды

Қаламыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарының сегіз студенті қазақ мәдениетін көпшілікке таныстырды. Бүгінгі таңда қазақ халқының дәстүрлері-бұл төрт қағидатқа негізделген ол: сенім, ашықтық, толеранттылық, дәстүр. Ел басшылығы ұлттық дәстүрлерді сақтау мен жаңғыртуды қолдайды, осы орайда елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді.

Мария Любрицкая сондай-ақ, «Instagram аруы» номинациясында да жеңіске жетті. Оған 2656 адам дауыс берген болатын.

– Мен Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің студентімін. Заңгер мамандығы бойынша білім алып жатырмын, волейбол, үстел теннисімен айналысамын және КВН ойнаймын.Байқауға қатысуға бірден келістім. Өйткені студент ретінде іс-шараларға қатысып, өзімнің студенттік өмірімді ерекше кезеңдермен толықтырып өткізуге тырысамын. Конкурс туралы ұстазым Айжан Сабыржановнадан білдім, ол да маған конкурсқа дайындалуға көмек берді, – дейді жеңімпаз Мария.

Қатысушы қыздардың барлығыда түрлі номинацияларды иеленді:

«Зерделі ару» – Юлия Овчинникова, «Кербез ару» – Зарина Аниськина, «Әсемдік аруы» – Камилла Жданова, «Өнерлі ару» – Айна Баймухамбетова, «Салт-дәстүр аруы» – Виктория Миронычева, «Жаңашыл ару» – Виктория Грушевая, «Даналық аруы» – Анна Арефьева  атанды.

Қатысушыларға сыйлық сертификаттары, ұлттық әшекейлер, атаулы күнтізбелер, «Қазақбренд» фирмасының қазақ ұлттық тәттілері мен гүл шоқтары табысталды.

Осындай байқау басқа ұлт өкілдерінің арасында Қостанай қаласында алғаш рет өтіп жатыр.

Бұл сайыстын басты мақсаты елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің қазақ салт-дәстүрін біліп, үйренуі басты мақсат. Өткеннің мұрасы, дәстүрлері, әдет -ғұрыптары, тілі, отбасы, өмір салты және мерекелер-бұл ұлттың мәдени-генетикалық кодын бейнелейтін нәрсе. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени негіздер.

Аяжан СЕРІК,
сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77