Новости Образование

Еңбегіне қарай құрмет

Эльмира Наурызбаева қауымдастырылған профессор атанды

Баршаға мәлім, академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы өздерінің білікті ғалымдарымен мақтанады.

Осы жуырда ғана аталмыш жоғары оқу орнының оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, ізденімпаз ғалым Эльмира Кенжеғалиқызы Наурызбаева үлкен қуанышқа кенелді.

Оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен қауымдастырылған профессор мәртебелі атағы берілді. Бұл қазақ қызының көп жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет.

Қос тілді „Наш Костанай„ газетінің ұжымы газет жанашыры, елімізге танымал тарихшыны осынау атағымен шын жүректен құттықтайды. Оған алдағы уақытта мықты денсаулық, отбасында бақыт, жауапты қызметінде табыс тілейді.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77