Новости Социум

Еңбектенген адам, кәсіптің ең шынына жетеді

Өңірімізде «Еңбек» нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағытталған мемлекеттік бағдаралмасы жұмыс жасауда

Аталмыш бағдарлама өз кәсібін ашып өркендедем деген бастаушы кәсіпкерлерге шартары бойынша несиені 6%-тік мөлшерлемемен береді. Бүгінде өз кәсібін ашып, жұмысын жетілдіріп отырған жандардың бірі – Гүлшат Мергенова.

Ол ұзақ жылдар бойына ішкі істер органында қызмет атқарған. Кейін зейнеткерлікке шыққаннан соң қол қусырып отырмастан запастағы полиция подполковнигі кәсіп ашуға шешім қабылдаған.

Ол оның бәрін отбасымен ақылдасып отырып шешкен. Әрине, бұл ісіне жолдасы қолдау білдіріп, балалары құп көрген.

Бизнестен еш хабары болмағандықтан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен дәріс алған. Бір айлық оқудан соң «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 млн теңге шамасында жеңілдетілген несие алады.

Осылайша экспресс-кофехана ашып, жұмысын жасап отырған жайы бар.

-Алғашында қандай кәсіп ашқан тиімді деп ойландым. Көптеген нұсқаларды қарап, аз ізденген жоқпын. Мүмкін, той безендірумен айналыссам қалай болады дедім. Алайда, ол жұмысқа аса қатты зауқым соқпады.

Ойлана келе кофехана ашуға бел будым. Өзім кофеден бас тартпайтыным рас. Алайда, кофе қайнату білмейтінмін.

Дегенмен де бәрін оқып, меңгеріп алдым. Шүкір шаруам жаймен жүріп жатыр. Екі жетінің көлемі болды жұмыс жасап жатқаныма. Менінше адам шын ниеттенсе ол дегеніне жетеді. Тек жалқаулықтан арылу қажет. Мен бүгінде орта жастамын.

Ал өңірімізде жұмыс жоқ деп жүрген жастар көп. Соларға айтарым бос сылтауды қойып, кәсіппен жас кездеріңнен еңбектеніп айналысыңдар деп кеңес беремін – дейді кәсіпкер.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жеке кәсібін бастап жатқан кәсіпкерлерге арналып жасалатын «Франшиза» бизнес жобасын сатып алған. «АТФ банк» АҚ арқылы 5 жылға инвестициялық мақсатта несиеге ие болды. Қаржыны қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға, жөндеу жұмыстарына жұмсады. «Емшан» сауда орталығынан орталығынан «Your Time» кофеханасын ашып, іске қосты.

Ашылғанына көп болмаса да, кофе ішу үшін арнайы келетін кісілер баршылық екен. Сондай-ақ сауда орталығына келгендер де дәмін татып жататы дейді Гүлшат Серікбайқызы.

Итальяндық қуыру және дәмді бельгиялық вафлилермен жоғары сапалы кофесін тұтынушыларған ұсынып отыр. Кофе ішуге келген әрбір адамның шын ниетімен айтқан жылы сөзінен кәсіпкер шаттанып қалады.

Еске сала кететін болсақ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 %-бен 19 млн теңгеге дейін несие алып, бизнес ашуға және оны дамытуға мүмкіндік бар.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77