Біздің Қостанай Социум

«ЕasyТap» қосымшасы студенттерге таптырмас мүмкіндік береді

Студенттік жылдары әркім қосымша жұмыс туралы ойлады. Көбінесе бұл ой өз жайымен қалады, өйткені толық уақытты жұмыс пен оқуды біріктіру мүмкін емес. Кейбірі келісіп, ата-анасына ауыртпашылық түсірмеу үшін жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда күніне бірнеше сағатқа жұмысқа тұру үшін әлеуетті жұмыс берушімен келісудің қажеті жоқ-тек «ЕasyТap» қосымшасын жүктеп алу жеткілікті.

«EasyTap» – бұл компанияларға дүкендер мен мейрамханаларға сағаттық жұмысшыларға тапсырыс беруге, сондай-ақ адамдарға ыңғайлы жерде, ыңғайлы уақытта толық емес жұмыс күнін табуға көмектесетін қызмет.

Адам бос жұмыс орындарының тізімін, қол жетімді ауысымдарды көреді және өзіне қолайлы нұсқаны таңдайды. Кейбір серіктестерде платформада жұмыс тәжірибесі немесе белгілі бір рейтингі жоқ фирма кіре алмайды. Орындаушы толық емес жұмыс күнін ұмытпауы үшін оған push-хабарламалар келіп, қоңыраулар түседі. Компания келісімге қол қойғаннан кейін мобильді қосымшаға қол жеткізе алады, белгілі бір орынға сағаттық жұмысшыларды жалдауға тапсырыс жасайды. Қосымшада жұмыс істегісі келген адамдар барлық қол жетімді жұмыстарды көреді, бос жұмыс орындарына жауап береді. Ауысым соңында компания менеджері жұмыс күнін немесе сағаттарын растайды және соның негізінде жұмысшы апта сайын өзінің банктік шотына жалақы алып отырады. Қосымша жұмысты өзіңізге ыңғайлы уақытқа және кез-келген күнге ыңғайыңызға қарап таңдауға болады.

– Жасым 19 да, «EasyTap» жайында әпкемнен білдім. Қазіргі колледже оқимын. Өте ыңғайлы қосымша. Ақшасыда 5 күн ішінде картаға түсіп тұрады. Тіпті қосымшаның менеджерлері бар, мысалы менде Арайлым, ол Қостанайда орналасқан серіптестерімен байланыста болады. Маған жұмыс уақытын жазып, барлық мән-жайды біледі, – дейді Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті Динара Турабекова.

Қолданып жүрген жастардың айтуынша егер өзіне берілген уақытта шықпай қалсан, сол аптадағы басқа да жұмыс орындары сенің парақшанда шықпайды. Яғни, уақытша блокқа салады. Сондықтан барлық қолдануышлардың уақытылы, әрі жақсы жұмыс атқаруы бақылауда болады.

Алғашқы екі сағатта кез-келген компания белгілі бір критерийлерге сәйкес келмесе, қызметкердің жұмысын тегін тоқтата алады. Мұндай жағдайларда компания ештеңе төлемейді. Бұл тағылымдаманың бір түрі.

Әр ауысымның соңында қызметкер мен жұмыс беруші бір-біріне кері байланыс береді. Әр апта сайын қызметкер өзінің нақты жұмыс істеген сағаттары үшін ақша алады.

Студенттер үшін өте жақсы мүмкіндік. Өздері қалаған уақытта жұмысқа шығып, ақша таба алады.

– Жасым 21 де, өзімнің басты жұмысым бар. Алайда, кейбір демалыс күндері осы қосымша арқылы жұмысқа шығып турамын. Бір жақсы жері сағатпен көрсетілген. Күні бойы емес, бірнеше сағат жұмыс істейтін өтінімдер бар,- дейді Асқар Ақтоты.

«EasyTap» қосымшасы бірнеше жыл бұрын Астана, Алматы қалаларында істей бастады. Қазір Қазақстанның он екі қаласы бойынша жұмыс жасауда. Қазір біздің қаламызға да жетіп, «Астықжан», «Kari», «Adidas», «I, m», «Sulpak», «Спортмастер» сияқты дүкендер желісімен байланыста. Жұмысқа барған сәтте, жұмыстан шыққан сәтте селфиге түсіп, код арқылы есеп беру міндетті. Өйткені, қосымша менеджерлері барлық адамдарды қарап, тексеріп болғаннан кейін 5 күн ішінде төлемақыны жібереді.

Жаңа жыл қарсаңында компанияларда жұмыс көп уақытында қызметкерлердің көбі осы қосымша арқылы жұмыс жасады.

Айта кететін жайт, қосымшаны жүктеп алғаннан кейін тіркелу қажет, мәліметтер негізінде келісім-шарт жасалады, Face ID арқылы келісімшартқа қол қойылады. 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша ресми жұмыссыздық деңгейі 4,7% деңгейінде қалыптасты. Осындай қосымшалар жұмыссыздықты алдын алатына сенімдіміз.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77