Социум

Екі қолға бір күрек іздесеңіз…

Ағымдағы жылдың наурыз айында қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған

Жұмыспен қамтудың жол картасы бекітілді, ол білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылымы, елді мекендерді абаттандыру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді.

Қостанай қаласында іске асыруға жататын 98 инфрақұрылымдық жоба.
Жобаларды іске асыру 6 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, онда жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша қаламыздың 3 мыңнан астам жұмыссыз азаматтары жұмыспен қамтылады.

Жалақының орташа мөлшері 85 000 теңгеден кем емес.

Бүгінде 1 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.

Қазіргі уақытта мынадай бос жұмыс орындары бар: әр түрлі жұмысшылар, ағаш ұсталары, газ-электр дәнекерлеушілер, жүргізушілер, автослесарьлер, жол жұмысшылары, әрлеушілер, сырлаушылар, ағаш ұсталары, учаске шеберлері және басқалар.

Қостанай қаласында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасу үшін азаматтар Egov.kz сайтында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуі қажет.

Толық ақпарат алу үшін Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 8(7142)52-20-44, 52-20-43 телефоны бойынша хабарласуға болады.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77