Өңірімізде әскери борышын өтеп қайтқандар жіті бақылауға алынған
Қаламызға еліміздің оңтүстік асатанасы Алматы шаһарында әскери борышын өтеген 39 жас 21 мамырда келген болатын. Олар пойыздан түскен бетте үйлеріне барып, екі жеті карантинге алынды.
Пойызда олардың дене қызулары тексерілген. Осындай әскери борышын өтеп қайтқандардің ішінде Сәкен Кәрімжан да бар.
– Мен Алматы қаласындағы әуе қорғанысы бөлімінде әскери борышымды өтедім. Сәуір айының 27-де менің әскердегі мерзімім аяқталды. Бірақ елімізде кеңінен таралып жатқан коронавирус дертіне байланысты карантин режимінің жариялануына орай мамырдың аяғына дейін сонда қалуыма тура келді.
Үйіме мамыр айының 21-де оралдым. Мұнда келген соң мені бірден тізімге алып, екі жеті карантинде үйде отыруым керектігін айтты. Қазір ешқайда бармай үйде отырмын. Болашақта жұмысқа орналассам деген жоспарым бар,- дейді ол.
Бүгінде еліміздің өзге өңірлерінде Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан жастар жіті бақылауға алынған. Олардың далаға шығып, халық көп жиналатын жерлерде жүруіне тиым салынған.
«Сақтансаң сақтармын» демекші, ел басына қауіп тудырып отырған, жұқпалы дерттен барынша сақтанған абзал.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77