Образование

Екінші тоқсанда 15 адамға дейін 1-4 сынып аралығындағы кезекші топтар оқуларын жалғастырады

5-сынып кезекші топ ретінде мектепке барып оқуға рұқсат берілгенімен, індеттің өршуіне байланысты әзірше қашықтан оқиды

Күзгі демалыс аяқталған соңғы екінші тоқсанның оқу жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл жайлы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова брифингте баяндады.

Оның айтуынша, облыс бойынша індеттің өскені байқалады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 2-ші тоқсанда 300 адамға дейін контингенті бар мектептер, саны 15 адамға дейінгі сыныптарда дәстүрлі форматта оқуды жалғастырулары мүмкін.

– Ата-аналардың өтініштері бойынша 300 адамнан аса контингенті бар мектептерде 5-сыныптардың кезекші топтарында оқуға рұқсат берілген. Алайда, біз КВИ ауруының өсуіне байланысты жаңа оқыту форматына көше алмаймыз. Балалар мен педагогтардың денсаулығы маңызды. Мектептердегі оқушылар санының көбеюіне байланысты сабақ кестесін құру, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі, мектеп қызметкерлерінің рұқсат етілген пайызынан асып кету мәселесі туындап отыр, – деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова.

Басқарма басшысы індеттің балалар арасында да таралып жатқандығынтілге тиек етті. Облыс бойынша қазіргі таңда 26 оқушы індет жұқтырған.

– Ағымдағы жылдың 10-шы қарашасындағы облыстық жедел штаб отырысында оқушылар 1 тоқсандағыдай қалып сабақтарын жалғастыратын болады деген шешім қабылданды. Екінші тоқсанда 110 206 оқушы контингенті бар 494 мектептің, 22 мың оқушы оқитын 336 мектеп шаттық режимді қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып жұмысын жалғастырады. Ал 64 мыңнан астам бала білім беру платформаларын пайдалана отырып, қашықтан оқуды жалғастырады, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Мұның ішінде, 158 мектепте ата-аналардың өтініші бойынша 15 адамға дейін бастауыш сынып оқушылары үшін 1941 кезекші топ қайтадан жұмысын байтай бермек.

Өңір мектептерінде санитарлық шараларды сақтау үшін қажеттіні сатып алуға 343,6 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта уақытта санитарлық-гигиеналық құралдар жеткізілу үстінде екенін атап өтті.

– Екінші тоқсанда мектептер санитайзерлермен, аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелермен, жанаспайтын термометрлермен, ауа рециркуляторларымен, кварц шамдарымен, антисептиктермен, деохлормен толық қамтамасыз етіледі. Тағы да барлық мұғалімдерді, мектеп оқушылары мен ата-аналарды барлық алдын-алу шараларын сақтауға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, бетперде киюге, дезинфекциялық құралдарды қолдануға шақырамын, – деп қорытты Зәуре Байменова.

Сондай-ақ қыс мезгілінің жақындауына орай, жұқа мұз мен тайғақтан балаларды қадағалаусыз қалдырмауды еске салды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77