Новости Социум

«Ел үлесі пәтерге» акциясы жалғасын табуда

Көп балалы отбасылар баспаналы болды

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында елімізде баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп жатқаны белгілі.

Қазақстан Республикасы Ата заңы мерекесі қарсаңында Қостанай облысының Науырзым ауданында атаулы қуанышты оқиға жалғасын тапты.

ҚМДБ төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан қажы Есмаханның қатысуымен Науырзым ауданы орталығы Қарамеңдіде 121 және 122 үй табыс етілді.

Бұл баспаналар  алты баласы бар жалғыз басты ана Алима Асатова және үйлері тұруға жарамсыз көп балалы ерлі-зайыпты Нұрбек және Айнагүл Хамзиндерге бұйырды.

Қуаныш иелеріне аудандық «Түркебай» мешіті имамы Нұрлан қажы Сейтжанұлы екі клем, ал аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы 100 мыңның сертификатын ұсынды.

Баспаналы болған көп балалы отбасыларының мүшелері үлкен қуанышқа кенеліп, өздеріне көмек қолын созған мейірімді азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қайырымдылықты көздеген аталмыш акцияның тигізер пайдасы зор. Сондықтан да бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77