Политика Социум

Елбасы салған дара жол тек жетістікке апарады

Кітапханада Тұңғыш Президент күніне орай тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, Н.Островский қалалық орталық кітапханасында тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.

Кітапхананың оқу залында өткен шараға Қостанай облысының УК-16/1қызметкерлері шықырылды. Жиын барысында кітапхана қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қарыштап дамып, әлемдік елдермен терезе теңестіру жолында Елбасының атқарған қыруар еңбегі жайында баяндады. Сонымен қатар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы жайында да мәліметтер берілді.

-Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде мемлекетіміз жан-жақты дамып келеді. Қыруар жұмыс атқарылды. Қазақстан елін әлем мойындап, санасатын болды. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенділігінің арқасында болса керек. Сондықтан біз осындай білімді де білікті Көшбасшымыздың жүріп өткен жолын оқырмандарымызға өнеге етуді мақсат еттік,-дейді кітапханашы Галина Михайловская.

Сондай-ақ «Нурсултан Назарбаев. Политик с душой поэта» және «История столицы Казахстана» деректі фильмдері көрсетілді. Жиналған қауым алдында А.Темірбекованың жетекшілігіндегі «Жұлдыз» домбыра аспабының оркестрі өнер көрсетті. Елімізге кеңінен белгілі күйлер орындалды.

Шара соңында барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77