COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

72523

Выздоровевших

99442

Зарегистрированных случаев

3082

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1058

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Елге ел қосылса – құт

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударған ағайындар жайлы сөз


Бүгінгі Қазақстан үшін маңызды мәселелердің қатарында – Көші-қон мен демография да бар. Елбасы осы қозғалып отырған өзекті тақырыпты үнемі назарда ұстап келе жатқандығы белгілі.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен болғанымен, халқы жағынан әлі де болса аз. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша республика тұрғындарының 56пайызы – қалаларда, ал 44 пайызы – ауылдық елді мекендерде тұрады.

Елімізде қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде білікті мамандарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселесі тәуелсіз ел тарихындағы тағы бір белес десек те болады.

Мемлекетімізде ішкі еңбек миграциясына соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп отыр. Оң бастамалар мен нәтижелі іс – шаралардың негізі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан бастау алған еді.

Аталған Жолдауда « басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігі» айтылған болатын.

Елбасының тапсырмасы бойынша аталған бағдарламаны іске асыруға мемлекетіміздің бірқатар өңірлерде жұмыла кіріскен. Еліміздің Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген делегацияның қатысуымен оңтүстік аймақтарда жұмыссыздарға арналған « Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» ұйымдастырылуы да осы бағдарламаның шеңберінде атқарылған игі іс-шаралардың бірі.

Сол жәрменкелерде халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінде алғаш рет республикамыздың 4 облысы жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ұсынып, берілетін жеңілдіктерді де атаған болатын.
Сонымен қатар тағы бір айта кететін жай, « Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік өңірлердегі жоғары оқу орындарына грантпен оқу мүмкіншіліктері туып отыр.

Жалпы, «Серпін-2020» бағдарламасы аясында 5627 жас біздің өңірдегі оқу орындарында білім алуда. Міне, мұның барлығы көші-қон мәселесі бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың қатарына жатады.

Біздің Қостанай облысында да мемлекет басшысының бағдарламасы бойынша жасалып жатқан шаралар аз емес. Оңтүстіктен қоныс аударып келіп жатқан қандастарымызды жергілікті жердегі басшылар әрқашан құшақ жая қарсы алады.

Мәселен, өткен жылы қаламызда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін еңбек мигранттарына қызмет көрсететін орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейтін. Бұл – « Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірлескен жобасы.

Бұрын Қостанай қаласына келген шетел азаматтары мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірнеше мекемелерді аралауға мәжбүр болса, енді рұқсатты бір күн ішінде және бір жерден ала алатын болғандарына дән риза.
Мысалы, 2018 жылы 10 ай ішінде облысымызда еңбек мигранттарына яғни, 2531 адамға қызмет көрсетіліпті. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша « Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы аясында Қостанай облысы – 883,9 мың адаммен толықты..

«Елге ел қосылса – құт», дейді. Бүгінде өңіріміздегі ауылдарға оңтүстіктен келген отбасылармен толығып, мамандар саны артып келеді. Себебі, мұнда тұрақты жұмыс, тұрмысқа жайлы баспана бар. Әлеуметтік жауапкершілікті айқын сезінген басшылар, көшіп келгендерден көмегін аяған емес.

Қоныс аударған отбасыларға жергілікті халық жылы шырай танытып, қолдау көрсетіп жатыр.

Көшіп келген тұрғындардың бірі Алмат Нүрпейісов деген қандасымыз журналистерге берген сұхбатында ризашылығын білдіре отырып:

– «Біз басты мәселе үймен қамтылдық. Күзді күні келгендіктен отын, су жағынан да көмек көрсетілді. Тұрақты жұмыс бар, жалақы уақытында беріледі. Жалпы жағдайымыз жақсы», деп жауап берген.
«Жұмыспен қамту жол картасы», бағдарламасы іске қосылғаннан бері, 19 мың адам солтүстік облыстарына қоныс аударған. Яғни халықтың орналасуында серпіліс бар.

Жалпы, 2050 жылға таман Оңтүстік халқының саны болжам бойынша 5,2 миллионға жететін көрінеді.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77