Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы
болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын – қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар – намысты таптатқызбады.
Міне, сондай қиын – қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
Елінің тарихы мен елім, жерім деген азаматтардың аттарын, ерліктерін келер ұрпаққа жеткізу, насихаттау мына біздің алға қойған мақсатымыз. Сондықтан бүлдіршіндерді балабақша кезінен ұлтына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін қазірден бойларына дарытып келеміз.
Осы мақсатты алға қойып, мектеп алды даярлық «Ақ кеме» тобында тұңғыш президент күніне тақырыптық ҰОӘ өткізілді.Балалар еліміздің басты әні: әнұранды орындауынан тақырыптық сағат басталды. Балалар өз білімдерін көрсетті. Жаңа білімдер алып, өз білім қоржындарын толықтырды.Тақырыптық сағат барысындар мемлекетік рәміздерді атап,оларды сипаттап, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.Тақырыптық сағаттан балалар көтеріңкі көңіл күй алды.
Жансая Турсынбаева,
№12 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77