Новости Экономика

Елімізде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің айлығы өсті

Қостанай облысының тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 129,2 теңгені құрады

Елімізде мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы өскені белгілі.

Маусым айында жалақыларын өсіммен алған көптеген мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің қуанышында шек жоқ.

Қазіргі таңда Қостанай облысының тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 129,2 теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ еліміз бойынша ең жоғары жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады. Олардың табыстарының орташа көрсеткіші 322,7 теңге болса, одан кейінгі орынға Маңғыстау облысы орналасқан.

Мұндағы жергілігіті тұрғындардың орташа айлығы 287, 9 мың теңгені құраған.

Сондай-ақ бұл көрсеткіш бойынша еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының орташа жалақылары 233,5 мыңды көрсетті.

Үстіміздегі жылы елімізде көпбалалы отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жалақысы көбейіп, олардың өмір сапасын жақсартты деуге толық негіз бар.

Мәселен, Қостанай ауданындағы балалар спорт мектебінің қызметкері Аурика Таженова маусым айындағы жалақысын өсімімен алып, қуанышқа кенелді.

– Осы айда айлығымды өсімімен алып, күнделікті тұтынатын азық-түлік басқа жа қажетті заттарыма жеткіздім. Оның сыртында отбасыма қажетті бұйымдар сатып алдым.

Елімізде барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің айлығының өскені оларға болашаққа деген сенім сыйлады деп ойлаймын. Қасымдағы бірге қызмет ететін жандар да айлықтары өсіп, балаларының қалағанын алып беріп, көңілдері жайланып жүргенін байқаймын.

Бұл әрине, мемлекет тарапынан бізге көрсетіліп жатқан үлкен көмек деп білемін,-деді ол бізге ағынан жарылып.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77