Осы мақсатта облыстық мешіт тарапынан 19 мәрте қайырымдылық шарасы өткен
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының осынау сындарлы сәтте және қасиетті рамазан айында жақсылық жасауда жарысуды үндеп жатқаны баршаға мәлім.
Міне бұл ұсыныс еліміздегі барлық діни қызметкерлердің атсалысуымен және демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Облыс орталығындағы Марал ишан мешіті тарапынан 19 мәрте қайрымдылық шарасы өткізіліп, 500 отбасына азық-түлік және 500 маска жеткізілді.
Жалпы Қостанай облысы бойынша барша мешіттер 63 рет қайрымдылық шарасын өткізді. Онда 1 219 отбасына азық-түлік қоржыны таратылып берілді. Сонымен қатар 5000 дана маска үлестірілді. Бұл шараға жалпы 6 миллионан аса қаражат кеткенін атап өту керек.
«Себебі халықтың мұндай ақпараттан хабардар болу керек. Мешіт үйі тек ғана намаз оқып пітір жинайтын орын ғана емес. Халықтың қуанышы мен қайғысында ортақ болып, материалдық және рухани көмек көрсететін діни қызметкерлеріміз, имам-молдалар» екендігін Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы атап өтті.
Әр апта қаламыздағы халал сертификатын алған «Арзу» дәмханасының қолдауымен блок-бекетердегі қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізіліп, қолдау көрсетіліп тұрады.
Ел басына осындай қауіпті дерт төнген кезде мешіт қызметкерлері де өздерінің қайырымдылық шараларын көптен ұйымдастырып жатқаны жанға жылу сыйлайды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77