Социум

Еліміздің барлық өңірінде жұма намазы мешіт ауласында оқылады

Жаңа қаулыға сәйкес құлшылық барысында жамағаттан санитарлық талаптар қатаң түрді талап етіледі

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысына сәйкес осы аптада еліміздің барлық мешіттері ауласында жұма намазын оқуға рұқсат берілді.

Бұрын хабарлағанымыздай, ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің бесеуінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған болатын. Жаңа қаулыға сәйкес енді еліміздің барлық өңірінде жұма намазы мешіт ауласында оқылады.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысында бұл жайлы: «Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады» делінген.

Қаулыда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде діни объектілердегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар да көрсетілген. Атап айтқанда, мешіттерде бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюін қамтамасыз ету міндеттелген.

– Облыстық мешітте жұма намазы жамағатпен мешіт ауласында оқылады. Намазға келген жандарға мешіттің ішіне кіруге тиым салынады. Әр қайсысы өздерінің жайма намаздарын үйлерінен ала келуі керек. Сондай-ақ жұма намазы бұрынғыдай толық оқылмайды, тек 10 минут ғана оқылады. Осы кезде сенитарлық талапқа сай 1 метр арақашықтық міндетті түрда сақталады. Әрине, соңғы шыққан қаулы бойынша ашық аспан астында жұма намазын жамағатпен бірге оқуға мүмкіндік берілгеніне қуанштымыз. Сонда да адамдардың денсаулығын басты орынға қойып, міндетті түрде маскада болуларын қатаң қадағалап отырамыз, – дейді Марал Ишан мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов.

Міне, осылайша имандылық жолына бет бұрған жамағат қасиетті жұмада көппен бірге Аллаға құлшылық ете алады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77