Жол-патрульдік полиция қызметкері жүргізуші куәлігін талап еткен жағдайда шағым түсіруге болады
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында, жол қозғалысы мәселесі бойынша өзгерістер туралы Қостанай облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Виталий Цой түсініктеме берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол жүрісі мәселереі бойынша өзгерістер мен толықтыру бойынша Заңға қол қойған болатын, ол Заң 2021 жылдың 13-ші ақпанынан бастап күшіне енеді.
– Заңмен жүргізушілердің жеке басын куәландыратын құжаты, сондай – ақ автокөлікке КҚТК болған кезде Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру міндеті алынып тасталады. Сондай-ақ, аталған құжаттардың жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, – деді Қостанай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Виталий Цой.
Бұдан бөлек, елімізде 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салу енгізілмек. Бұл норма келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізіледі. Бұл жүргізуші орындығынан басқа 8-ден астам отыратын орны бар барлық автобустарға қатысты болмақ.
Жүргізуші куәліктері мен КҚТК бұрынғыдай халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінде берілетін болады.
– Бұл құжаттар халықаралық қозғалысқа қатысу және жұмысқа орналасу кезінде жүргізушінің мүліктік құқықтары мен біліктілігін растау үшін қажет. Қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірлері бар автомашиналарға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алған адамдарға қатысты таралмайтынын атап өту қажет. Олар үшін жүргізуші куәлігін және КҚТК көрсету міндетті болып қалады, – деді Виталий Цой.
Бұл жерде емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларының ҚР ІІМ 02.12.2014 жылғы № 862 бұйрығымен бекітілген 85-тармағына сәйкес тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігін ала алатынына назар аудару қажет.
– Полиция қызметкерлері жол қозғалысын қадағалау кезінде жүргізуші куәліктерін беруді және көлікті тіркеуді планшеттің көмегімен тексереді. Қала сыртындағы жерлерде интернет желісі болмаған жағдайда, тексеру радиобайланыс құралы бойынша кезекші бөлімдер арқылы жүзеге асырылатын болады, – деді ол.
Жол полиция қызметкері егер жүргізушіден жүргізуші куәлігін көрсетуді талап еткен жағдайда 102 нөміріне хабарласуға болады. Одан бөлек ПД-не келіп шағым түсіруге жүргізушінің құқы бар.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған орталық
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77