Біздің Қостанай Социум

Ерікті құндылықтарын насихаттау барысында жылдың қорытындысы жасалды

Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Көп елдерде еріктілік жұмыс қатарына қосылады, өйткені волонтер өзінің уақытын бөліп, білімін іске асыра отырып тегін жұмыс жасайды

Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтар немесе жеке де айналысуға болады. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және тағы басқа түрлері бар.  Жастар еріктіліктің тұлғалық қалыптасудағы рөлін түсіне бастаған сайын, Қазақстанда да еріктіліктің қатары қарқынды дамып жатыр. Еліміздің әр қаласында қарттар, жетімдер, әлеуметтік осал топ отбасыларына, апат құрбандарына және өзге де жәрдемді қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсететін жастар ұйымдарының саны жыл сайын артып келеді.

Әлеуметтік еріктілік – Қазақстан жастары арасындағы волонтерліктің өзекті бағытының бірі. Осы орайда біздің қаламызда жыл сайын жылдың қорытындысы ретінде әр салада ең үздік деп танылған еріктілер үлкен сахандан марапатталады. Биылғы жылы бұл тізімге Глеб Футман, Сергей Ивашешин, Довуд Восиев, Василиса Клопова, Виктория Ли, Анастасия Серикова, Артем Вискуп сияқты жастардың есімдері кірді. Олардың қатарында әлеуметтік, экологиялық, іс-шаралық, салауатты өмір салты сияқты салалар бойынша үздік деп танылған жастар баршылық.

– «Жақсылық жасап жарысайық» — деген ұранмен мүмкіндігі шектеулі балаларға барып сыйлықтар таратып, көңілдерін көтердік. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен, жалғыз қалған қарттарға қол көмек көрсетілді.  Еріктілер тобының мүшелері қала бойынша «Үздік волонтерлар» тобына мүше болып көптеген қайырымды істерге атсалысты. Бұл бағытта адамның жасы, жынысы, білімі немесе қаржылық жағдайы маңызды емес. Ең бастысы – ниет пен қолдан келетін іспен көмектесу. Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады. Қоғамда еріктілердің орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды, – деді еріктілер тобының жетекшісі Юрий Вагин.

«Еріктілер деген кім, немен айналысады, олар не үшін жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға еріктілердің өздері де жауап бере алмауы мүмкін. Себебі, олар өздерінің жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «ерікті деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді.

– Ерікті болу, басында айтып өткеніміздей, сізге ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылыққа кенелесіз. Бұл сіздің адамгершілгіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Еріктілік – бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Мен, колледж қабырғасынан бастап еріктілер тобында жұмыс істеп келемін. Мақсатым тек ерікті болу ғана емес, айналасындағыларды да ерікті болуға үйрету, – деді Артем Вискуп. Артем биылғы жылдың қорытындысы ретінде облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған іс-шарасында спорт және әлеуметтік сала бойынша «Үздік волонтер» атанған жастың бірі.

– Мен үшін волонтерлік – бұл басқаларға көмектесу, сондықтан еріктілік бала кезімнен бері менімен бірге болды. Мектепте бұл әлеуметтік бағыт аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектесу үшін, жәрмеңкелерге қатысу, қарттарға көмектесу үшін Тимурлықтар күндерін ұйымдастыру еді. Университеттебіздің кішігірім бауырларымызға қамқорлық жасау, жануарларға көмек берумен көбірек айналыстым. Біздің қалада іздеу отряды бар екені туралы кездейсоқ білдім. Көп ойланбастан «Барс» ерікті іздестіру құтқару жасағының құрамына кірдім. Акцияларға қатыса бастадым, іздестіруде, бір жылдан кейініздестіру құтқару жасағының желісі бойынша полиция қызметкерінің куәлігін алдым. Сіз біз үшін осы жылдың есте қаларлық оқиғалары туралы сұрадыңыз, іздеушілер үшін тірі табылған, тірі деген жазуды көрген сайын бұл қуанышты жаңалық. Отряд ауа райына қарға жаңбырға қараммастан іздестіру жұмыстарына шығады. Іздеу тобы мен үшін өмірдің бір бөлігіне айналды, мейірімділікке деген сенімін қайтарды еріктілер бар үміт бар бұл әлем соншалықты жаман емес, – дейді биылғы жылдың төтенше жағдайлар боынша «Үздік волонтеры» Василиса Клопова.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ,
сурет кейіпкерлерден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77