Социум

«Ерлі-зайыптылар, балалар, туған-туыстар арасындағы отбасылық қарым-қатынас» деп аталған маңызды семинар

«Жанашыр бол» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті

Қостанай қаласы әкімдігінің әлеуметтік даму бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жастар ортасында отбасының оң имиджін насихаттау» жобасы аясында «Жанашыр бол» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ерлі-зайыптылар, балалар, туысқандар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында «Аэропорт» шағын ауданындағы №29 орта мектепте жас ұстаздар арасында маңызы зор семинар өтті.

Семинарға отбасылық білікті психолог Людмила Должикова спикер ретінде шақырылып, жиналған қауымға аталмыш тақырыпта психологиялық кеңестер берді.
Отбасының басынан енбір қиын қыстау кезеңдер өтеді. Бәрі адам қалағандай бір келкі, жақсы бола бермейді. Өмірдің шұбатылған жолдарында небір қиыншылықтардың кезігетіні белгілі. Бірге бақытты боламыз деп қол ұстасқан қос ғашықтың алдында небір сын сағаттар тұрады. Оны тек бар қиындықты қол ұстасып, бірге өткен жандарға ғана жеңе алса керек. Бұл ретте отбасылық қарым-қатынастың бірінше кезекті маңызды болатыны айтпаса да түсінікті.

-Отбасы болған соң, ұрыс-жанжал болып тұрады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керіс бірінші кезекте балалардың жүрегін жараламауы қажет. Ата-ананың тіл табыса алмауы біріншіден баланың көңіл-күйін түсіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Үйінде үнемі ұрыс-керіс болатын бала өте жасық, қорқақ, өзіне-өзі сенімсіз болып қалыптасады. Ал мұндай ұрпақтың өмірде үлкен дәрежеге жетуі екі талай. Сондықтан келешекте ұрпағыңыз білімді, ақылды, өзіне сенімді болсын десеңіз, бүгін олардың писхологиясын бұзбауды ойлауыңыз қажет. Сонда ғана бала өзіне сеніммен қарап, үлкен жетістіктерге жетеді.
Ал соңғы уақытта отбасылық жанжалдың куәсі болған балалар көбейіп барады. Әрине, бұл жерде ата-ана мүлдем ұрыспауы керек деу артық болар. Бірақ баланың алдында бір-бірімен жан-жалдаспай, бала жоқ кезінде тіл табысулары қажет. Ата-ананың арасындағы мәселе балаларды толғандырмауы қажет,-дейді психолог маман Людмила Должикова.

Психология саласында көп жылғы тәжірибесі бар білікті маман қазіргі қоғамда отбасы үшін басты мәселелерді де жақсы білетінін атап өтті. Ол бірінші кезекте күнделікті тіршілікте қажетті дүниелерге қаражаттың жетіспеуі. Ерлі-зайыптылар армандағандай өмірге қол жеткізе алмауы. Қолдағы барды місе тұтпай бір-бірінен көп нәрсені талап етуі. Өзгелермен бақталастық. Бір сөзбен айтқанда өзінің отбасына көңілі толмай өзгелерді өзінен бақытты санап сондай өмірге ұмтылу. Міне, ерлі-зайыптылардың тарапынан кететін басты қателіктер осылар.

Сондай-ақ отбасылық туысқандардың ерлі-зайыптылардың арасына түсіп, біріне бірін жамандап, көзқарастарын өзгертуге тырысуы. Яғни, бүтіндей бір отбасының түтінін түзу шығармай, шырқын бұзып жататын арам ниетті туыс-туғандар да жеткілікті.

-Әрқашанда өзінің өмірін ысырып қойып, өзгенің өмірін тамашалағынды ұнататын жандар табылады. Олар жақын туыс-туғандар болуы мүмкін. Мысалы, келіннің енесі, яғни ер азаматтың анасы. Ол кісі бірінші кезекте баласын келінінен қызғанып, ұлының өзін ғана тыңдағанын, сыйлағанын, құрметтегенін қалайды. Оған кеше түскен келіншекке ұлының жылы қабақ танытып, құрметтегені ұнамай қалуы мүмкін. Сосын, баласына оның келіншегін жамандауды бастайды. Осылайша ол ерлі-зайыптылардың арасына сызат түсіргісі келеді. Ал ерлі-зайыптылардың арасына сызат түсетін болса, міндетті түрде ол отбасында бір ұрыс-керістің болары анық. Міне, туыс-туғанмен қарым-қатынастың өзіндік осындай қиын тұстары бар.
Ал әйел заты үшін өз үйінде еркелеп, еркін өскендіктен, өзге елге, өзге жерге барып, үйреніп, өзіне абырой жинау өте қиын. Оның үстіне барған жерінде жоғарыда айтқанымдай енесінен қиындық көретін болса, бұл үлкен отбасылық мәселе болмақ. Осы ата-енемен келіспей, тілтабыса алмай қаншама жас келіншектер тұрмысқа шыққандарына 1-2 жыл ғана болып, айрылып төркініне қайтып жатады. Бұл бір бұзылған тағдар емес пе.
Бұл орайда менің берер кеңесім, ерлі-зайыптылар барлық туыс-туғандарының, дос-жарандарының тілін алып жақсы адам бола алмайды. Олар бірінші кезекте араларындағы сүйіспеншілікті, құрметті сақтап қалуды ойлаулары қажет. Араларына сызат түсірмей. Бір-бірін тыңдай білсе, түсіне білсе олардың арасына ешкім түсе алмайды. Бұл жағдайда адамның өзіне байланысты. Отбасын жарын сыйлайтын ер азамат, оның жақсы қырларын өзі біледі. Сол жақсы мінезін жоғары бағалап, басқалардың сөзіне ермей отбасын сақтап қалуы керек,-дейді психолог маман.

Әрине, ерлі-зайыптылардың қашан да бір-бірін түсініп, құрметтеп, сүйіспеншілік таныту ол сол отбасының бекем де мықты, бақытты болуының басты себебі болса керек.
Семинар барысында жиналған қауымға тақырыпқа байланысты әлеуметтік және психологиялық бейне роликтер көрсетілді. Көпшілік бұл басқосудан өздерінің көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап тапқандарын жеткізді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Нұржан СМАИЛОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77