Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік тудыратын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады
Жалпы, тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді.
Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.
Әңгімелер, ертегілер айту мен оқу баламен қарым-қатынастың ең нәтижелі құралы екендігі даусыз.
Атақты педагог Ы. Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – деп босқа айтпаған.
Біздің бөбекжай-бақшамызда әр түрлі жас ерекшеліктерге байланысты тәрбиешілер түрлі қазақ халық, сонымен қатар орыс халық ертегілерін үнемі балаларға ұсынып отырады.
Атап айтатын болсақ «Бауырсақ», «Үйшік», «Три парасенка», «Мақта қыз бен мысық», « Жеті лақ» секілді дүниелерге балалар өте қызығушылық танытады, өз ойларымен бөліседі.
«Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі» дер едік.
Біздің басшымыз Гүлсім Мажит балаларға жан-жақты тәрбие беруге айрықша назар аударады. Тәрбиешілер қауымы да өз саласын білетін мамандар.
Қ. Мухамбетжанова,
№11 бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77