«Есірткісіз қала»

«Есірткісіз қала»

Комментарии к записи «Есірткісіз қала» отключены


Нашақорлықтан – жас ұрпақты сақтайық

Қостанайда Халықаралық нашақорлыққа күрес күніне орай орталық алаңда «Есірткісіз Қала!» атты ауқымды шара ұйымдастырылды.

Бұл күн 1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым — «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілді.

Шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ денсаулыққа зиян заттардан алшақ болу. Қостанай облыстық орталығының салауатты өмір салтын қалыптастыруды басқарудың мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу.

Іс-шара барысында қостанай қаласының емханаларының дәрігерлері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері тегін түрде кеңес берді.

-Осы іс-шара болып жатқанын өтіп бара жатып байқап қалдым. Келіп анық-қанығын сұрағанымда мұнда тегін кеңес беріп жатыр екен. Мүмкіндікті пайдаланып өзімді толғандырып жүрген сұрақтарға мамандардан жауап алып, қан қысымымды өлшетіп қайттым, — дейді қала тұрғыны Перизат Жұмабек.

Жүргіншілер арнайы келіп, салмақтарын өлшетіп, қан қысымын тексертіп, сондай-ақ дұрыс тамақтану жолдары мен алғашқы көмектерді тегін түрде алды. Сонымен қатар балаларға ақысыз аквагримм мен иоганың қыр-сыры көрсетілді.
Сондай-ақ шара төрт сағат бойы жалғасын тапты. Іс шараға орай «Март» сауда ойының алаңында кеш өткізілді. Ауқымды шараға Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастамашы болып отыр.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись