Новости События

FlyArystan әуекомпаниясының алғашқы ұшағы Қостанайға келіп қонды

Нұр-Сұлтан-Қостанай бағытында алғашқы ұшып келген жолаушыларды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарсы алды

Алғашқы отандық лоукостер Fly-Arystan Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағытында күнделікті қатынайтын рейсін ашты. Екі шаһардың арасын әуефлотқа бірер күн бұрын қосылған компанияның төртінші Airbus A320 ұшағы жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Аймақ басшысы FlyArystan-ның қос қала арасындағы рейстің пайда болуы аймақ үшін он ықпалын тигізетініне сенім білдірді.

– Біздің облыс тарихындағы ерекше күн деп айтуға болады. Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанайға FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы алғашқы рейсін жасап, келіп қонды. Бұл бюджеттік әуекомпания болып табылады. Басты компания Air Astanа, екінші FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы. Ең бастысы икемді тарифтер. Бір бағыттағы билет құны 6 мың теңгені құрайды. Ұшақ билеті үшін құны төмен екенін көріп отырсыздар. Сол себепті қостанайлықтардың атынан әуекомпания басшылығына алғысымды айтамын. Астықты аймағымыз мәдени мұраға да бай. Осы мақсатта өңірге келетін туристерге де ыңғайлы болмақ, – деді өз сөзінде облыс әкімі.

Нұр-Сұлтан бағытынан ұшып келген жолаушыларды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов күтіп алды. Жолаушылар таңғалыстарын жасыра алмады. Өңір басшысымен естелік суретке түсті.

– Біз отбасымызбен Нұр-Сұлтан-Қостанай бағытында FlyArystan әуекомпаниясының ұшағымен ұшып келдік. Ұшақта барлық жағдай жасалған, ең бастысы билет құны арзан. Аталмыш компанияның алғашы рейсі болғандықтан бізді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов күтіп алды. Ұшақтың қызмет көрсету сапасын сұрап білді. Ол кісімен естелік суретке түстік. Борт-серіктері жоғары деңгейде қызмет атқарды. Осы баға өте тиімді, алдағы уақытта да осы бағадан аспаса екен деп тілектестік білдіріміз,– дейді алғашқы рейспен ұшып келген жолаушы Маржан Алпыс.

Билет құнының арзандығына орай ақшаңызбен қатар уақытыңызды да үнемдейсіз. Бір жарым сағат ішінде қалаған бағытыңызда бола аласыз.

– Күнделікті екі бағытта қатынайтын ұшақ жолаушыларды қуантқаны анық. Өйткені көптен күткен бағыттардың бірі болатын. Біз бүгін тағы бір қала тұрғындарын осы рейсті ашу арқылы қуантып отырмыз. Өйткені билет құны өте тиімті бағада. Біздің әуекомпанияның ұшағы арқылы тұрғындар қалаған жеріне уақытында жетеді деген үміттеміз, – деді Fly-Arystan әуекомпаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

Ұшаққа өзіңізбен 5 келі салмақтағы жүгіңізді тегін алып кіре аласыз ал, 15 келіге дейін жүгіңіз үшін 1500 тг қосымша қаражат төлейсіз.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77